28 қараша 2019 09:22

Жеңіс Қасымбек Қарағанды билігін сынға алды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© karaganda-region.gov.kz © karaganda-region.gov.kz

Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек қалалық биліктің жұмысын сынға алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық әкімдіктің ресми сайтына сілтеме жасап. 


Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек қалалық биліктің жұмысын сынға алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық әкімдіктің ресми сайтына сілтеме жасап. 

Өңір басшысы халықтың ең "ауыр" мәселелеріне қатысты сын айтты. Олардың ішінде қоғамдық көлік жұмысы, көше жарығы, қаланың сәулеттік түрі, мүмкіндігі шектеулі жандар үшін қолжетімді орта секілді өзекі проблемалар болды. Қарағандыны дамыту жөніндегі кеңесте облыс басшысы әлсіз жерлерді белгілеп, қала тұрғындары үшін қолайлы жағдай жасауға қатысты бірқатар міндеттер жүктеді.

Бүгінгі таңда қаланың өзекті тақырыптарының бірі - қоғамдық көлік болып табылады. №3 автопарк желіге жаңа автобустар шығарғанына қарамастан, тұрғындардың шағымдары толастар емес. Облыс басшысы келесі жылы тағы 200 автобус сатып алынатынын мәлімдеді және 2021 жылға дейін жолаушылар көлігін жаңарту мәселесін толығымен жабуды тапсырды.

Жеңіс Қасымбек сондай-ақ қалалық биліктен инфрақұрылымды жақсарту, мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін қолжетімді орта құру, жастар арасында жұмыссыздықты төмендету бойынша жұмысты күшейтуді талап етті.

Облыс әкімі қалада бас сәулетшінің болмауы нағыз жөнсіздік деп санайды.

"Қарағанды - тарихы бай және болашағы зор тамаша қала. Адамдар тарихи бейнені сақтауды әділ талап етеді. Егер жаңасын салсақ, бір тұжырымдаманы ұстану керек. Сонда қала құрылысы, сәулет мәселелері заңгерлерге, экономистерге өтеуге берілген десек бола ма? Мен олардың өз бағыттары бойынша мамандар екеніне күмәнім жоқ. Бірақ қаланың келбеті, көркем шешім - бұл мүлдем басқа. Сондықтан да проблемалар туындайды: сәулет стилі еш дамымай жатыр", - деді облыс басшысы. 

Өңір басшысы облыс орталығы үшін сыртқы безендіру мен сәулетті жарықтандырудың бірыңғай тұжырымдамасын әзірлеуді тапсырды. Сонымен қатар, облыс әкімі әлеуметтік және коммерциялық жарнамасы бар баннерлерді ретке келтіруді және көшелерді жарықтандыру мәселелерін шешуді талап етті. Қалада 600 көше жарықтандырылмайды.

"Бүгінгі таңда жарықтандыру қызметтерін сатып алу бойынша МЖӘ тетігін әзірлейміз. Желтоқсан айында тиісті рәсімдерді жүргізуді бастаймыз. Бүгінде кәсіпорындар өз есебінен жарықтандыру тіректерін орнатуға дайын. Менің ойымша, біз бұл жұмысты жуырда бастаймыз. Бір екі жылдан соң біз бәрін аяқтаймыз. Алғашқы кезеңдерді Михайловка және Федоров шағын аудандары бойынша 136 көше жоспарлап отырмыз, мұнда 40 жыл жарық болмаған", - деді қала әкімі Нұрлан Әубәкіров.

Қала тұрғындарының өмір сүру сапасын жақсартуға байланысты бірқатар шешілмеген мәселелер бар, деп атап өтті облыс әкімі.

Мысалы, бизнесті жүргізу жеңілдігі рейтингінде Қарағанды 197 аудан мен облыстық маңызы бар қалалардың арасында 50-орында. Оның пікірінше, қалада "қарапайым заттар" экономикасы бағдарламасы нашар түсіндіріледі.

"Өз баяндамаңызда сіз қала экономикасындағы ШОБ үлесі 50 пайыздан сәл асатынын, оны 70 пайызға дейін жеткізу керегін айтып өттіңіз. Бизнесті жүргізудің барлық үдерістерін барынша жеңілдету керек. Кәсіпкерлердің рұқсат беру құжаттарын алуда қиындықтарға, көлік инфрақұрылымының сапасы мен қол жетімділігіне шағымдары өте көп. Бұл дегеніміз, қандай да бір механизмдер жұмыс істемейтінін көрсетеді. Кәсіпкерлермен кездесіп, жұмыс істеуге қандай себептер кедергі келтіретінін анықтаңыз", - деді Жеңіс Қасымбек.

Облыс әкімі алдағы 3 жылда кәсіпкерлікті дамыту және қолайлы бизнес-климат құру бойынша Жол картасын әзірлеуді тапсырды. Сондай-ақ қалада нақты ережелер мен келісімдер болуы керегін атап айтты.

"Сіздер көріп отырсыздар, сұрақтар көп. Өткен аптада біз азаматтардың бірыңғай қабылдауын өткіздік. Маған жүгінген 57 адамның 33-і Қарағандының тұрғыны. Адамдар әлеуметтік қорғау, жер қатынастары, білім беру және мәдениет, кәсіпкерлік және басқа да сипаттағы мәселелерді қозғады. Алдымызда жинақталған мәселелерді шешу үшін біраз жұмыстар атқаруымыз керек, барлық мәселелерді бақылауда ұстап қана қоймай, нақты істерге көшетін боламыз", - деп қорытындылады Жеңіс Қасымбек.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети