1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Ел жаңалықтары

Жеңіс күніне арналған мерекелік шаралар келесі жылы өтетін болды 08 мамыр 2021, 11:01

Жеңіс күніне орай өтетін мерекелік шараларды келесі жылға ауыстыру туралы шешім қабылданды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Vkontakte
  • Facebook
  • Twitter
  • Одноклассники
  • Telegram
Новостью поделились: человек

Фото: Тұрар Қазанғапов Фото: Тұрар Қазанғапов

Жеңіс күніне орай өтетін мерекелік шараларды келесі жылға ауыстыру туралы шешім қабылданды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook парақшасында жазды.

Жазбада былай делінген: "Қазіргі күрделі эпидемиологиялық жағдайға байланысты Жеңіс күніне орай өтетін дәстүрлі мерекелік шараларды келесі жылға ауыстыру туралы шешім қабылданды. Президент отандастарымызға арнайы құттықтауын жолдайды.

Қазақстанда Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен тыл еңбеккерлерінің есімі ерекше құрметтеледі. Мемлекет басшысының өкімімен Ұлы Жеңіс күні мерекесіне орай соғыс ардагерлеріне материалдық көмек көрсетілді".

Айта кетейік, елдегі эпидемиологиялық ахуал әлі де мәз емес. Бұған дейін кейінгі тәулікте 2587 адамның коронавирус жұқтырғаны хабарланған болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!



Firebase Cloud Messaging