24 маусым 2020 17:41

Жеңіс парады: Тоқаевтың неге маска тақпағаны белгілі болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Берік Уәли Фото: Берік Уәли

Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Мәскеудегі Жеңіс парадында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың неге маска тақпағанын түсіндірді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Мәскеудегі Жеңіс парадында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың неге маска тақпағанын түсіндірді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Бүгін Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдығына орай ұйымдастырылған әскери парадқа қатысты. Ол парадқа шақырылған мемлекет басшылары мен ардагерлердің арасында отырды. Кейбір қазақстандықтар адамдар көп жиналған жерде Президенттің неге масқа тақпағанына таңқалды.

 Фото: Facebook / Берік Уәли

Берік Уәлидің айтуынша, парадта мемлекет басшылары мен ардагерлер үшін жеке мінбер орнатылған. Сондай-ақ, мұнда дезинфекция жұмыстары мұқият жүргізіліпті.

"Бұл жерге тек коронавирус инфекциясы теріс нәтиже көрсеткен адамдар ғана оның ішінде шетелдік делегация өкілдері кіргізілді. Барлығы коронавирусқа тексерілді. Сондықтан мұнда мәселе туындамауы қажет. Сіздер Қырғызстан президенті бастаған делегацияда коронавирус анықталғанын білесіздер. Ал Сооронбай Жээнбеков байланыс жасаған адам ретінде парадқа қатысудан бас тартты", - деді Президенттің баспасөз хатшысы.

Сондай-ақ, ол Қасым-Жомарт Тоқаев коронавирустың бар-жоғын текcеретін тесттен өтіп жүргенін атап өтті.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети