Жер дауы бойынша сотталған Талғат Аян мерзімінен бұрын босап шықты

29 Шілде, 11:04
0
Жер дауы бойынша сотталған Талғат Аян мерзімінен бұрын босап шықты -

19 шілдеде Атырау қалалық №2 соты Атырауда "жер үшін митинг" ісі бойынша сотталған қоғам белсендісі, Талғат Аянды толық жазасын өтеуден мерзімінен бұрын босатты, - деп хабарлайды "Ақ Жайық"

"Бір жылдан аса уақыт бұрын маған 2021 жылға дейін түрмеде тоғытылу үкімін бас бостандығын шектеу етіп өзгертті. Еркіндікті шектеу деген не екенін түсіну үшін: бұл сенің бостандыққа шыққанның, өз үйіңдесің, бірақ қайда баратының шектеулі. Пробация органына апта сайын барып тұруың керек, кешкі уақытта тұрғылықты мекен-жай бойынша полиция қызметкерлері тексеруі мүмкін, сол себепті күн ауған уақытта үйге қарай безесің)), Үйлену тойы және т. б. сияқты көңіл көтеру шараларына баруға құқығың жоқ. Ел ішіндегі бір жерге бару үшін рұқсат алу керек, ЖСН бұғаттаулы болады, өйткені сенің есімің террористерді қаржыландыруға байланысты  тізімде тұрады, ақыр соңында, бұл бір де бір ұйым сені жұмысқа алмайтындай жағдай туады, - деп жазды Талғат Аян Facebook желісіндегі парақшасында. 

Талғат Аянның айтуынша, сотқа қатысқан прокурор мен пробация қызметі бұл шешімге қарсы болған, бірақ сот оны мерзімінен бұрын босату туралы өтінішін қанағаттандырған. Алайда қоғамдық қызметке тыйым салу күшінде қалады.

Еске салайық, былтыр 28 сәуірінде Талғат Аян Ақтөбе түзеу колониясынан босатылып, жазаның өтелмеген бөлігін (бас бостандығынан айыру түрінде) үш жылға бас бостандығынан шектеуге ауыстырды.

Талғат Аянның серігі Макс Боқаев өзінің бесжылдық қамау мерзімін Ақтөбеде, КА-168/2 орта режимдегі колонияда өтеуін жалғастырып жатыр. 

Получить короткую ссылку


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай