13 наурыз 2024 17:41

Жер сілкінісі салдарынан үй зақымданған жағдайда не істеу керек?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: instagram.com/kris_p_akimat Фото: instagram.com/kris_p_akimat

Жер сілкінісі салдарынан ғимарат зақымданған жағдайда не істеу керек? Алматы әкімдігі іс-қимыл алгоритмін ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Жер сілкінісі салдарынан ғимарат зақымданған жағдайда не істеу керек? Алматы әкімдігі іс-қимыл алгоритмін ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Осылайша, әкімдіктің мәліметінше, аудандық әкімдіктерде ТЖД, МКК мен басқа да орган өкілдерінің қатысуымен комиссия тобы жұмыс істейді.

"Ғимарат зақымданған жағдайда қала тұрғындары аудандық әкімдікке өтініш және фотоматериалдармен жүгінуі қажет.

Комиссия зақымдану деңгейін алдын ала анықтау үшін ғимаратты тексереді. Тірек конструкцияларының бұзылуы бар ма, әлде бұл әрлеу материалдарының зақымдануы ма: аспалы төбе, сылақ, плитка, қасбеттің әрлеуі ме екенін анықтайды", - делінген хабарламада.

Аудандық комиссиялардан алынған ақпарат қалалық Жоспарлау және урбанистика басқармасына, одан кейін ҚазҚСҒЗИ-ға талдау жүргізуге беріледі.

"Институт мамандары зақымданудың себебі мен дәрежесі туралы қорытынды береді. Әлеуметтік нысандарды жөндеу бюджет есебінен жүзеге асырылады. Көппәтерлі үйлердің әрлеу элементтерін жөндеу - кондоминиум есебінен. Ғимараттардың тұтастығына қауіп төнген жағдайда жөндеуге қаражат мемлекеттік органдардың бюджетінен бөлінеді", - делінген хабарламада.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети