13 тамыз 2016 11:29

Жерді шетелдіктерге беру туралы мораторийді тағы бес жылға ұзарту ұсынылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Жерді шетеліктерге беру туралы мораторийді тағы бес жылға ұзарту ұсынылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Мұндай ұсынысты Жер реформасы жөніндегі комссияның отырсында ҚР ауыл шаруашылық министрі Асқар Мырзахметов айтты.


Жерді шетеліктерге беру туралы мораторийді тағы бес жылға ұзарту ұсынылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Мұндай ұсынысты Жер реформасы жөніндегі комссияның отырсында ҚР ауыл шаруашылық министрі Асқар Мырзахметов айтты.

"Барлық айтылған пікірді ескере отырып, біз енгізілген мораторийді 2021 жылдың 31 желтоқсанына дейін созуға ұсынамыз. Мемлекет басшысына осы ұсынысты айтамыз. Егер де бұл шешім қабылданса, мораторийдің мерзімі созылады. Сол уақытта қажетті ақпарат базасын құрып аламыз. Осыдан кейін ғана біз халықтың қойған сұрақтарына нақты жауаптарды табамыз", - деді Мырзахметов.

"Қазір біз инвентаризация жасап, үлкен жер қорын құруымыз қажет. Онда республикамыздағы барлық жер учаскелері ескерілетін болады. (…) Бұл үшін бізге кем дегенде екі жыл керек. Мұнда мәселе тек жерге қатысты болып тұрған жоқ, сондай-ақ бұл көлемді жұмыс және үлкен қаражатты қажет етеді. Біз қазір бұл жұмыстың екі жыл бойы жүргізілетінін айтып отырмыз", - деп түсіндірді министр.

"Мораторийдің мерзімін созу туралы шешім қабылданса, оның мерзімін созамыз. Инвентаризацияға қатысты барлық жұмысты жүргіземіз, жер қорын құрамыз. Сонда ғана біз халықтың қойған сауалдарына толық әрі нақты жауап бере аламыз", - деді Мырзахметов.

Сонымен қатар, министр бүгінгі отырыста осы айтылған ұсыныстарды бекітіп, Қазақстан Парламентіне қарастыруға жіберетінін айтты.

Еске салайық, осыған дейін мемлекет басшысы Жер кодексіндегі түзетулерге мораторий жариялаған болатын. Кейін елбасы айтып өткен нормалар жайлы толығырақ белгілі болды. Жарлықтың мәтіні Ақорда сайтында жарияланды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети