НАУРЫЗДЫҢ ТОЙЛАНУЫ. 21 НАУРЫЗ

Жетім балалар жалған диагнозбен шетел асып жатыр

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото kazanfirst.ru сайтынан Фото kazanfirst.ru сайтынан

Бас прокуратура елімізде жетім қалған балалар мен оларды асырап алуға ниет білдірген азаматтардың бірыңғай мәліметтер жүйесін құруды ұсынып отыр, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі бас прокуратураның бірінші департаменті басшысы Қанат Сейітғапаровқа сілтеме жасап. Оның айтуынша, аталған жүйені құру арқылы елімізде балаларды асырап алу жұмысын ашық жүргізуге болады. "Оған барлық аймақтардан тек жетім балалар туралы мәліметтер ғана емес, оларды асырап аламын деген үміткер азаматтар жайлы ақпарат автоматты түрде түсетін еді. Осының арқасында баланы таңдауға қамқоршылық органдарының субъективті араласуына тосқауыл қойылады", - деді бас прокуратураның бүгінгі кеңейтілген алқа мәжілісінде Қ.Сейітғапаров. Департамент басшысы атап көрсеткендей, бүгінде қамқоршылық органдары жетім балаларға жалған диагноз жазып, шетелдік азаматтарға асырап алуға кезексіз беріп жатады. Ондай жағдайлар Шымкент пен Астанада, Атырау, Шығыс Қазақстан және Алматы облыстарында анықталған болатын. Бұдан басқа, балаларды тіркеу мерзімі сақталмайды. Мәселен, қазіргі ережеге сәйкес, шетелдік азаматтар үшін тек 6 айға толған балаларды ғана асырап алуға болады. Алайда ол ереже де орындалмай отыр.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 502.8  course up  547.58  course up  5.95  course down

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer