Жетінші сынып оқушысының зорлануы: Тоқаев Тараз әкімін қызметінен босатуды тапсырды

21 Қараша, 18:55
0
Жетінші сынып оқушысының зорлануы: Тоқаев Тараз әкімін қызметінен босатуды тапсырды - Қайрат Досаев
Қайрат Досаев

Жетінші сынып оқушысының зорлануынан кейін Тараз қаласының әкімі Қайрат Досаевты Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қызметінен босатуды тапсырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.  

"Жамбыл облысының әкіміне Тараздағы 12 жастағы мектеп оқушысы зардап шеккен оқыс оқиғаға байланысты және жұмысында жүйелі кемшіліктер жібергені үшін Тараз қаласының әкімін қызметінен босатуды тапсырдым. Облыс әкіміне ескерту жасадым", - деп жазды Тоқаев Twitter желісінде.

Әкім қызметіне Досаев биыл сәуір айында кіріскен еді. Оның алдында шенеунік 2017 жылдың наурызынан бастап Жамбыл облысы Шу ауданының әкімі лауазымында қызмет атқарып келген еді.

Еске салайық, 18 қарашада 12 жастағы қыз мектептің әжетханасында зорланғаны белгілі болды. Оқиға жағдай әжетханада болған. Ата-аналардың айтуынша, мұнда кім көрінген келіп-кетеді екен. Себебі мектептің сол қапталында ішке кіретін есік бар. Күдікті де сол жолмен келіп, қызға жәбір көрсеткен дейді.

Артынша бұл жағдайдан кейін директор, директордың орынбасары, мұғалім және вахтер қызметтерінен босатылды. Ал бүгін облыстық Білім басқармасының басшысы біріншіден педагог, екіншіден өзінің моральдық тұрғыда жауапкершілігін сезіне отырып, өз еркімен өтініш беріп жұмыстан кеткені белгілі болды

Тараздағы зорлық ісінен кейін ел мектептерінде қандай өзгерістер болады?

Получить короткую ссылку


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай