21 қараша 2019 18:03

Тараздағы зорлық ісінен кейін ел мектептерінде қандай өзгерістер болады?

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Тараздағы мектеп оқушысын зорлау ісінен кейін Білім және ғылым министрлігі облыстық білім басқармаларына тапсырма берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 


Тараздағы мектеп оқушысын зорлау ісінен кейін Білім және ғылым министрлігі облыстық білім басқармаларына тапсырма берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Бүгін облыстардың білім басқармалары басшыларының қатысуымен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету сұрақтары бойынша өткен кеңесте мынадай тапсырмалар жүктелген:

Біріншіден, нормативтік талаптарға сәйкес келетін бейнебақылау жүйелерімен барлық білім беру ұйымдарын қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдауға тапсырма берілді. Бұл міндет бойынша балалардың білім беру ұйымдарында болу кезеңінде штаттан тыс жағдайларда уақытылы әрекет ету үшін бейнебақылау жүйесіне жауапты қызметкер белгілеу міндеттелді.

Екіншіден, барлық мектепке дейінгі және орта білім беру ұйымдарының бейнебақылау жүйесін Ішкі істер органдарының жедел басқару орталығына шығару мәселесін көтеру. Үшіншіден, мектептер мен балабақшалар аумағында өткізу пунктімен қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдау. Білім беру ұйымдарының жарғыларында бөгде адамдардың, оның ішінде балалардың ата-аналары мен заңды өкілдерінің, олардың жақындары мен туыстарының болу тәртібін қарастыру, осы мәселелерді білім беру ұйымдарының ата-аналар және қамқоршылық кеңестерімен талқылау қажет. 

Сонымен қатар, білім беру ұйымдарының аумағын сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтердің талаптарына сәйкес барлық шеңбер бойынша қоршаумен қамтамасыз ету міндеті жүктелді. 

Сондай-ақ Білім және ғылым министрлігі міндетті талаптарға жауап беретін білім беру ұйымдарының ғимараттарында жылы дәретханаларды жабдықтау үшін жоспарды бекіту және қаражат бөлу керектігін атап өтті. 

Облыс орталықтарының, қалалық және басқа да ірі білім беру ұйымдарының жағдайында білім беру ұйымдарында арнайы күзет қызметіне рұқсат бере отырып, олардың жұмысын үйлестіруді ескеру міндетті. Бұл - алтыншы мәселе. 

Еске салайық, 18 қарашада 12 жастағы қыз мектептің әжетханасында зорланғаны белгілі болды. Оқиға жағдай әжетханада болған. Ата-аналардың айтуынша, мұнда кім көрінген келіп-кетеді екен. Себебі мектептің сол қапталында ішке кіретін есік бар. Күдікті де сол жолмен келіп, қызға жәбір көрсеткен дейді.

Артынша бұл жағдайдан кейін директор, директордың орынбасары, мұғалім және вахтер қызметтерінен босатылды. Ал бүгін облыстық Білім басқармасының басшысы біріншіден педагог, екіншіден өзінің моральдық тұрғыда жауапкершілігін сезіне отырып, өз еркімен өтініш беріп жұмыстан кеткені белгілі болды

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети