Жезқазған-Қызылорда тасжолы қашан салынады?

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото: depositphotos.com Фото: depositphotos.com

Ұлытау облысы әкімдігінің мәліметінше, екі облыс арасындағы жол құрылысына төрт мердігер компания жұмылдырылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Ұлытау облысы әкімдігінің мәліметінше, екі облыс арасындағы жол құрылысына төрт мердігер компания жұмылдырылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Биыл мердігерлер жер бөлу, инфрақұрылымды төсеу, вахталық қалашық салу және айналма жолдарды дайындау жұмыстарын бастайды.

Фото: "ҚазАвтоЖол"

"Біз жанар-жағар май тасымалдайтын елімізге белгілі компаниямен келісімге отырдық. Жол құрылысы басталатын аумақта 5 мың тонналық мұнай базасын салуды алдағы аптада бастаймыз. Бұл – тасжол бойындағы техникаларға арналған отын тапшылығын болдырмайды.

Сонымен қатар, жауапты компаниялардың республика бойынша атқарып келе жатқан жұмыстарын ескере отырып, үлкен сенім артамыз. Мердігерлерді өз облысымызда тіркеу маңызды. Себебі, жергілікті білікті азаматтарымызды да жұмыспен қамтуымыз қажет", - деді Ұлытау облысының әкімі Берік Әбдіғалиұлы.

Қыркүйекте "Қазавтожол" ұлттық компаниясы мен Азиялық даму банкі келісімшартқа отырады. Осылайша, жауапты мердігер ұйымдарына қаржының алғашқы бөлігі төлене бастайды.

"ҚазАвтоЖол" ҰК АҚ-ның басқарма төрағасы Дархан Иманашевтің айтуынша Жезқазған-Қызылорда тасжолының құрылысында міндетті түрде отандық материалдар қолданылады және аталған жобаны 2026 жылы аяқтауға толық мүмкіндік бар.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 502.8  course up  547.58  course up  5.95  course down

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer