18 наурыз 2021 12:07

Жезқазғанда бөбекжай әкімшілігі 100 келі алкоголь қосылған кәмпит сатып алған

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: elements.envato.com Фото: elements.envato.com

Жезқазған қаласының "Балдырған" бөбекжай әкімшілігі мектеп жасына дейінгі балаларға құрамында алкоголь бар жүз келі кәмпит сатып алған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Жезқазған қаласының "Балдырған" бөбекжай әкімшілігі мектеп жасына дейінгі балаларға құрамында алкоголь бар жүз келі кәмпит сатып алған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Goszakup.kz сайтында құрамында алкоголь бар 100 келі шоколад кәмпиттерін сатып алу туралы лот жарияланды. Сайт деректері бойынша, сатып алу жүзеге асып қойған. Лоттың техникалық сипаттамасында кәмпит жұмсақ, шоколад қосылған және құрамында алкоголь болуы керек деп көрсетілген.

Қарағанды облысының білім басқармасы лотқа қатысты түсінік берді. Жезқазғанның білім бөлімі мәліметіне сүйенсек, лот сипаттамасында қате кеткен.

"Тәрбиеленушілер мен білім алушылардыға арналған тауарды сатып алу бойынша 2021 жылдың 2 наурызында "Мемлекеттік сатып алу порталына берілген сипаттамада" "Балдырған" бөбекжайы" техникалық қате жіберген. Конкурс 16 наурыздан бастап тоқтатылды. "Балдырған" бөбекжайының" басшысына қатысты тиісті шаралар қабылданады", - деп хабарлады Жезқазған қаласының білім беру бөлімінің өкілдері.

Бұған дейін Мәжіліс депутаты Азат Перуашев Қазақстандағы мемлекеттік сатып алулардың ашықтығын сынға алған болатын. Ол мемлекеттік кәсіпорынның өз менеджерлері үшін фитнес және спа-орталықтарына 40 миллион теңге төлейтіні туралы мысалдар келтірді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети