10 ақпан 2021 16:11

Жезқазғанда техногендік сипаттағы төтенше жағдай жарияланады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жезқазған әкімдігі қалада апатты үйлердің көптігіне байланысты техногендік сипаттағы төтенше жағдай жариялайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Жезқазған әкімдігі қалада апатты үйлердің көптігіне байланысты техногендік сипаттағы төтенше жағдай жариялайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әкімдіктің баспасөз қызметіндегілер қалада 24 апатты үй бар екенін хабарлады. Олар кез келген уақытта құлауы мүмкін. Сондықтан әкімдік осы үйлердің тұрғындарын көшіріп, оларға өтемақы төлеуді жоспарлап отыр. 

"Бұл тізімде Абай көшесіндегі №53, 55, 57, 59, 63, 69 үй, Байқоңыров көшесіндегі №22, 26, 28, 30, 32, 34, 36, 42, 44, 48, 50 үй, Омаров көшесіндегі №30, Некрасов көшесіндегі №13, Мир көшесі бойындағы №3, Алашахан көшесіндегі №24 (4-кіреберіс), Жеңіс көшесі бойынша №11, Шевченко көшесінде №23 (1-кіреберіс), Железнодорожная көшесіндегі №19 үй бар. Сондықтан біз апатты және ескі үйлердің тұрғындарын көшіру бағдарламасын іске асыру үшін нормативтік құжат әзірледік. Ол "Ашық НҚА" сайтында қабылданып, жарияланды, - деп хабарлады Жезқазған әкімдігінің баспасөз қызметі өкілдері.

Аталған апатты үйлер бұзылып, тұрғындар 2025 жылға дейін көшіріледі.

Бұл бағыттағы жұмыс 2020 жылы басталған. Ол кезде тоғыз апатты үйдің тұрғындары көшірілген болатын. 55 пәтердің иесіне жалпы сомасы 245 миллион теңге өтемақы төленді.

"Биыл осы бағыттағы жұмыстар жалғасады. Қала бюджетінде 24 үйдің (259 отбасы) тұрғындарына өтемақы төлеуге 1,5 миллиард теңге қарастырылған", - деп толықтырды әкімдіктегілер.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети