19 сәуір 2014 19:37

Жол ережесін бұзғандарға қатысты айыппұл мөлшері артты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фотоны түсірген ©Роза Есенқұлова Фотоны түсірген ©Роза Есенқұлова

"Әкімшілік Кодекске өзгертулер енгізіліп, жол қауіпсіздік ережесін бұзғандарға қатысты айыппұл мөлшері екі есеге артты" - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


"Әкімшілік Кодекске өзгертулер енгізіліп, жол қауіпсіздік ережесін бұзғандарға қатысты айыппұл мөлшері екі есеге артты" - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Аталмыш заң бүгін, 19 сәуірде арнайы баспасөзде жарияланды. Заң 10 күннен соң күшіне енеді. Осыған орай, адвокат Джохар Утебеков сұхбат берді.

Оның сөзіне қарағанда, заңға енгізілген өзгертулер айыппұл көлемін арттырып, оның төлем тәртібін күрделендірген. "Менің ойымша, ең көп кездесетін - жылдамдықты 10-нан 20 шақырымға дейін асыру, рұқсат етілмеген жерге тоқтау, белгіленбеген жерден бұрылу, қиылыста кептеліс жасау сияқты тәртіп бұзушылықтар бойынша арттырылған айыппұлды жүргізушілер сезінетін болады. Ондай тәртіп бұзушылықтар үшін айыппұл көлемі екі есеге артқан. Яғни, бұрын 5 АЕК (9 260 теңге) болса, енді 10 АЕК (18 520 теңге) болды. Мегаполис тұрғыны ретінде екінші қатарға көлік қоюшыларға айыппұлдың артқаны мені қуантады. Оның мөлшері 7 АЕК-тен 20 АЕК-ке (37 040 теңге) дейін артты.  Мас болып көлік басқарғандар 3 жылға жүргізушілік құқығынан айырылады. Бұған дейін ол мерзім - 2 жыл болған еді. Сондай-ақ, мас күйінде көлік жүргізіп, жол-көлік оқиғасын жасаса, онда 5 жылға жүргізушілік құқығынан айырылады - дейді Утебеков Tengrinews.kz тілшісіне берген сұхбатында.

Одан өзге, қарсы бағытқа шыққаны үшін бұған дейін 15 АЕК көлемінде айыппұл салынса, енді 1 жылға көлік басқару құқығынан айырылады. Адвокаттың ойынша, бұл асығыс жасалған шешім. Оның пайымдауынша, қарсы бағытқа шығып кеткендерге, себебін ескере отырып, айыппұл көлемін арттыруға болушы еді. "Мысалы, жүргізуші кедергіні айналып өтті ме, жоқ әлде кептелісте қарсы бағытқа жартылай шығып, қайта өз жолына түсті ме, салдарынан апатты жағдай орын алды ма соны ескеру керек еді. Сондай-ақ, полиция қызметкерінің "тоқта" деген ишарасын ескермеген жүргізушіге де қатысты қолданатын жаза тым қатаң. Мұндай тәртіп бұзушылық үшін бұрын 5 АЕК мөлшерінде айыппұл төлесе, енді 1 жылға жүргізушілік құқығынан айырылады" - дейді Утебеков.

Сонымен қоса, енді полиция қызметкерінің рұқсатынсыз жүргізушінің, жолаушының көліктен шығуы және полицияның талабы бойынша көліктен түспей отыруы 5 АЕК көлемінде айыппұлмен жазаланады.

Заңгерді алаңдататыны - қатайтылған заңның тәжірибеде қалай қолданылатыны. Утебеков полиция қызметкерлері тарапынан өкілеттілігін асыра пайдалану жағдайларының орын алуын жоққа шығармайды. Өйткені, енді полиция қызметкері көлік жүргізушісін патрульдік автомашинаға отырғызып, қорқытып, үркітіп, ортақ келісімге шақыруы мүмкін - дейді ол.

Ірі көлемдегі айыппұл, ұзақ мерзімдік қамау жол-көлік апаты орынынан заңсыз бірінші болып кетіп қалғандарға, наркодиспансерлік тексеруден өтуден бас тартқандарға тағайындалады.

"Заңгер, ең бастысы, менің байқауымша, мәжіліс құптаған заңда көтермелеу де қарастырылған еді" деп сөзін жалғады. "Айыппұлды бір тәулік ішінде төлеген жүргізушіге 50 пайыз жеңілдік берілген. Бір тәуліктен 7 тәлік арасында төлегендерге 30 пайыз жеңілдік бар болатын. Алайда бүгін жарияланған заңда ол жоқ. Ондай норманы сенаторлар алып тастаған. Осы жай түсініксіз. Бұл айыппұлды арттыру консепциясына қайшы" - дейді Утебеков.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети