Жол саласында 1200 сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото:depositphotos.com Фото:depositphotos.com

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Қазақстандағы жол құрылысына кешенді талдау жүргізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Қазақстандағы жол құрылысына кешенді талдау жүргізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі жол құрылысы саласында кешенді талдау жүргізді. Оның нәтижелері Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің жылдық алқасында қаралды.

"Жоспарлаудан бастап қаражатты игеру мен жұмыстарды қабылдауға дейінгі барлық процестерде 1,2 мыңнан астам сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталды.

Қазіргі уақытта жобалар қолмен тексеріледі, бұл сметаны асыра бағалауға жағдай жасайды – 11 миллиард теңгеге 591 факт тіркелген. Бұл адал емес сарапшылардың сыйақы алу үшін ескертулерсіз қорытынды жасауына мүмкіндік береді", - делінген хабарламада.

Жобалардың шығындарын негізсіз пайдалануды болдырмауға басымдық бере отырып, сараптамаларды қайта қарау қажет. Сараптама шығындардың қаншалықты негізделген және қажетті екенін тексеруі тиіс.

Әлемдік стандарттар (Сингапур, Гонконг, АҚШ, ЕО елдері) сметаның тиімділігіне сараптама жүргізуді қарастырады. Отандық тәжірибе шығындардың негізділігін зерделемейтін, тек сәйкестік сараптамасын жүргізумен ғана шектеледі.

"Көлік министрлігіне жобалық-сметалық құжаттаманы дайындау мен сараптаманы автоматтандыру, Жол активтері сапасының ұлттық орталығының өкілеттіктерін күшейту, техникалық қадағалаудың жауапкершілігін арттыру, автожолдардың цифрлық картасын құру және басқа да мәселелер бойынша 100-ге жуық ұсыныс енгізілді".

Сондай-ақ Агенттік ірі жобаларға ғылыми қолдау көрсету және жаңа технологияларды енгізу үшін ҚазжолҒЗИ әлеуетін пайдалануды ұсынды. Сонымен бірге тәуелсіз сарапшылар мен еріктілердің қатысуымен аймақтардағы жол құрылысы мен жөндеу жұмыстарының мониторингі жалғасып жатыр. 2024 жылы сүйемелдеудегі 258 нысанның 1,8 мың шақырымды құрайтын 119-ы пайдалануға берілген, анықталған ақаулардың 95 пайызы жойылды.

Президенттің тапсырмасымен жол құрылысы саласындағы сыбайлас жемқорлықты жою мақсатында "ақшаны бояу" механизмі енгізілді.

"Бұл жобаны проблемалық салалардың бірі болып табылатын бүкіл жол саласына масштабтау туралы шешім қабылданды. Жоспарлау мен бюджет қаражатының қозғалысының барлық циклі цифрландырылады. Жалпы, "ақшаны бояу" жобасы Ұлттық банк пен Қаржы министрлігінің белсенді қолдауымен "Цифрлық теңге" платформасында іске асырылуып жатыр. Пилоттық жоба аясында әр теңгені "таңбалау" қарастырылған, бұл қаражат қозғалысын соңғы жеткізушілерге дейін бақылауға мүмкіндік береді", - делінген хабарламада.

Оған автомобиль және теміржол құрылысы, ауыл шаруашылығы техникасы мен мал сатып алу мәселелері бойынша жекелеген аймақтар мен нысандар қамтылды.

Механизм қазірдің өзінде жұмыс істей бастады, алғашқы цифрлық теңгелер жеткізушілер мен мердігерлерге жіберілгені айтылды.

"Осылайша, Қарағанды облысында "Достық-Мойынты" теміржолын салу шеңберінде 164 миллиард теңге, Атырау облысында "Мұқыр-Кұлсары" автожолын жөндеуге 100 миллион цифрлық теңге бөлінді. Агенттік басшысы бұл өте маңызды жоба екенін және оның бүкіл салада енгізілуі жымқыруға қарсы үлкен кедергі болатынын атап өтті.

Сондай-ақ, мердігерлердің таңбаланған ақшамен "ашық" жұмыс істеуге дайындығы "Open Book" қағидаты бойынша адал бизнестің дамуына ықпал етеді деп күтіледі".

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 511.01  course up  530.45  course up  5.23  course down

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer