23 маусым 2023 09:21

Жол салушылар Балқаш жағалауындағы демалыс орнындарын клиентсіз қалдырды

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: gov.kz Фото: gov.kz

Қарағанды ​​– Балқаш жаңа автобаны Тораңғалық ауылын туристерсіз қалдырды. Жоба бойынша ауылға кіретін жол жоқ, демалушылар одан өтіп кетеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "КТК" телеарнасына сілтеме жасап.


Қарағанды ​​– Балқаш жаңа автобаны Тораңғалық ауылын туристерсіз қалдырды. Жоба бойынша ауылға кіретін жол жоқ, демалушылар одан өтіп кетеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "КТК" телеарнасына сілтеме жасап.

Тораңғалық ауылының тар көшелері жылдың осы мезгілі үшін әдеттен тыс тыныш, демалыс орындары қаңырап бос тұр, кәсіпкерлердің шығыны артып барады. Төрт жолақты Қарағанды-Балқаш автобаны курорттық ауылға келетін туристер санын екі есе, тіпті үш есеге арттырады деп жоспарланған болатын. Алайда, жаңа жол, керісінше, кәсіпкерлерді жұмыссыз қалдырғаны белгілі болды.

"Ауылға жақындағанда "300 метрден кейін бұрылыс" деген белгі тұр, бірақ бұл бұрылыс жоқ. Президенттің "Туризмді дамыту" бағдарламасы бар емес пе. Қазір елімізде туризм дамымай жатыр, жағажай бизнесі – бәрі тоқтап қалды. Осы маусымға бір жыл бойы дайындалдық, қанша ақша салдық, барлығында несие бар", - дейді ауыл тұрғыны Қуаныш Жомартов.

Қарағанды-Балқаш автобанының құрылысы 2019 жылы басталған. Жол салушылардың айтуынша, қазірдің өзінде 70 пайызға дайын. Қазір жобаға қандай да бір өзгерістер енгізу мүмкін емес. Сонымен қатар, бұл қосымша шығындар.

"Сіздердің талапты орындау үшін уақытша, бірден айтайын, екі жолақты уақытша жабу туралы шешім қабылдадық. Яғни, жүргізушілер тек бір жағымен жүріп, сәйкесінше Тораңғалыққа бұрыла алады. Алдағы екі күнде шлагбаумдар мен жылдамдықты төмендету үшін қажетті белгілерді орнатамыз. Содан кейін комиссия бұл мәселені барлық ережелерге сәйкес шешуге кіріседі", - деп түсініктеме берді ИИДМ Автомобиль жолдары комитетінің өкілі Нұртілек Хасенов жағдайға қатысты.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети