16 ақпан 2021 11:22

Жолаушылар пойызында келіншек босанып қалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видеодан алынған кадр Видеодан алынған кадр

Күні кеше "Сарыағаш-Нұр-Сұлтан" бағытындағы №85 жолаушылар пойызында қыз бала дүниеге келді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Күні кеше "Сарыағаш-Нұр-Сұлтан" бағытындағы №85 жолаушылар пойызында қыз бала дүниеге келді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

2021 жылдың 14 ақпанында пойыз жолаушысы Анастасия Гранкина "Тараз - Павлодар" бағыты бойынша жолға шыққан. Киік-Босаға учаскесінде жолаушы №11 вагонның жолсерігі Ұлтуар Ибрагимовадан көмек сұрап, жүктіліктің тоғызыншы айында екенін және толғағы басталғанын айтқаны хабарланды.

"Пойыз бригадасының қызметкерлері босанған әйелге алғашқы көмек көрсету бойынша барлық қажетті шара қабылдады. Жақын станцияға жедел жәрдем шақырылды. Медицина қызметкерлері келгенге дейін пойыз бастығының міндетін атқарушы Алдияр Теңгешев пен штаб вагонының кезекші жолсерігі Зина Күнісбаева жолаушыға босану кезінде көмек көрсетті", - деді ҚТЖ өкілдері.

14.53-те Ақадыр стансасына жақындаған шақта дүние есігін ашқан қыз баланың есімі Әмина деп қойылды.

"Пойыз Ақадыр стансасына келгеннен кейін жедел жәрдем қызметкерлері жаңа туған нәрестені және сол баланың анасын қарап шықты. Баланың жағдайы қанағаттанарлық болды, анасы ауруханаға жатқызудан бас тартты және олар соңғы стансаға дейін жол жүріп кетті", - делінген хабарламада.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети