12 шілде 2021 14:02

Жойылуға жақын 61 бұғы Балқаш маңына жіберіледі

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: ҚР Экология министрлігінің баспасөз қызметінен Фото: ҚР Экология министрлігінің баспасөз қызметінен

Алматы облысының Балқаш ауданындағы "Іле-Балқаш" табиғи резерватына Қызыл кітапқа енген 61 бас бұқар бұғысы жіберіледі. Акцияны Экология министрлігі Жабайы табиғат қорымен (WWF) бірлесіп өткізеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматы облысының Балқаш ауданындағы "Іле-Балқаш" табиғи резерватына Қызыл кітапқа енген 61 бас бұқар бұғысы жіберіледі. Акцияны Экология министрлігі Жабайы табиғат қорымен (WWF) бірлесіп өткізеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл үшінші рет жүргізіліп жатқан шара. Алғаш рет 2019 жылы резерват аумағына 5 бұқар бұғысы жіберілген. 2020 жылы оларға тағы 14 ересек бұғы мен 1 бұғының лағы қосылған.

Бұқар бұғысы Алматы облысы Балқаш ауданының аумағында кең таралған. Алайда өткен ғасырдың басында бұл түр жоғала бастады. Бірнеше онжылдық өткен соң, ол Қазақстанның табиғатынан мүлдем жоғалып кеткен. Бүгінде бұқар бұғысының бүкіл әлемде 3500 басы қалған.

"Іле-Балқаш резерватында бұхар бұғыларының популяциясын қалпына келтіру өте табысты өтіп жатыр. Біз бұғылар бейімделгенін және төлдеп жатқанын көріп ортырмыз. Алдын ала бағалау бойынша, табиғатта 100-ге жуық бұғы бар", - деді WWF Орталық Азия бағдарламасының директоры Григорий Мазманянц.

Бұқар бұғысы Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген және бұқар бұғыларын сақтау және қалпына келтіру мәселелері бойынша өзара түсіністік туралы меморандуммен халықаралық деңгейде қорғалады. Дүниежүзілік жабайы табиғат қорының арқасында бұғы 100 жыл ішінде алғаш рет Оңтүстік Балқаш аймағында пайда болды.

Бұқар бұғыларын Балқаш ауданындағы жабайы табиғатқа қайтару жолбарыс реинтродукциясы бағдарламасының маңызды кезеңі саналады. Оны Ресейдің WWF және ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі бірлесіп жүзеге асырып жатыр.

Іле-Балқаш резерватының аумағында жолбарыс мекендейтін жерлерде экожүйені қалпына келтіру жоспарланып отырғаны белгілі. Реинтродукциялау бағдарламасына сақталып қалған жабайы табиғатты қорғау және жолақты жыртқыш, сондай-ақ құлан, ақбөкен және қарақұйрық рационының негізі болып табылатын тұяқты жануарлар (тоғай бұғысы, елік, жабайы қабан) популяциясын қалпына келтіру жөніндегі шаралар жоспарланған.

Айта кетейік, Ресейдің WWF Қазақстан Экология министрлігімен бірлесіп жолбарыстарды табиғатқа қайтару бойынша жобаны іске асырып жатыр. Жолбарыстарды 20-шы жылдардың ортасында Балқаш маңына жіберу жоспарланған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети