19 ақпан 2023 12:44

ЖСДП Amanat және басқа партиялармен меморандумға қол қоюдан бас тартты

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жалпыұлттық социал-демократиялық партия (ЖСДП) Amanat бастамасымен әділ сайлау өткізу туралы меморандумға қол қоюдан бас тартты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Жалпыұлттық социал-демократиялық партия (ЖСДП) Amanat бастамасымен әділ сайлау өткізу туралы меморандумға қол қоюдан бас тартты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ЖСДП бұл меморандумды "ашық популизм" деп атады. Оппозициялық партияның өкілі Нұрлан Әуесбаев заңдарды сақтау керек екенін, "сол кезде ешқандай меморандум қажет болмайтынын" айтты.

Айта кетейік, осыған дейін алдағы Мәжіліс пен мәслихаттар сайлауына қатысатын алты саяси партияның өкілі сайлаудың әділ өтуі туралы меморандумға қол қойған болатын. Құжат оған қол қойған барлық тараптың тек қолданыстағы заңнама аясында әрекет ету, сондай-ақ үгіт-насихат кезеңінде ашық күрес жүргізу ниеттерін біріктіреді.

Amanat партиясының төрағасы Ерлан Қошанов бұл меморандум елімізде адал бәсекеге негізделген жаңа саяси мәдениетті қалыптастыруға жасалған үлкен қадам деп есептейді.

Меморандумға Amanat – Ерлан Қошанов, Қазақстан халық партиясы – Ермұхамет Ертісбаев, "Ақ жол" – Азат Перуашев, "Ауыл" партиясы – Әли Бектаев, "Байтақ" жасылдар партиясы – Азаматхан Әміртай, Respublica – Айдарбек Хожаназаров қол қойды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.1   490.7   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети