20 қаңтар 2014 15:28

Жұмыс беруші өзбекстандық гастарбайтерлерді құжатсыз, ақшасыз қалдырған

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото "Мегаполис" газетінен Фото "Мегаполис" газетінен

Астанада өзбекстандық гастарбайтерлер ақшасыз, құжатсыз қалды деп жазады Мегаполис газеті. Өткен қараша айында Өзбекстанның Шыршық қаласының тұрғындарына танысы Қазақстаннан жұмыс тауып беруге уәде еткен. Шекарадан өтуге, тегін баспана мен тамаққа кепілдік беріпті. Гастарбайтерлер "Париж кварталы" зәулім тұрғын үй кешенінде жұмыс істеген. Оларды жертөлеге орналастырып, макаронмен, нанмен қоректендірген. Ал бір айдан соң жұмыс беруші өзбекстандықтарды ұрып-соғып, құжаттарын тартып алады да, әрқайсысын тамақ пен пана үшін 200 доллардан төлеуге міндеттейді. "Олар егер біз сендерге ақша берсек, қашып кетесіңдер деді. Банктен несие алған жұмыс беруші сендерге төлейтін ақшам жоқ деп отыр, сондықтан біз тегін жұмыс істеуге мәжбүр болдық. Тамақ бермей қойды, жергілікті тұрғындардан жұмыс сұрап ақша табуға тура келді: қар күредік, қоқыс шығарыстық", - дейді өзбекстандық азаматтардың бірі Ильдар Шарипов. Зардап шеккендерге ҚР Президенті жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссияның Сарапшылық кеңесінің мүшесі Владимир Левин көмектесті. Ол коммуналдық төлемдерін төлеуге шыққан кезде алдынан гастарбайтерлер шығып, тамаққа ақша сұраған. Левин оларды Алматы аудандық ішкі істер бөліміне апарған кезде полицейлер мәселеге араласуға уәде береді. "Біз гастарбайтерлердің төлқұжатын қайтарып бергіздік, енді өзбекстандықтарды еліне жіберу үшін жұмыс берушіден ақша талап етіп отырмыз. Ол ақшаны жуық арада беруге уәде етті. Құл ретінде еңбекке мәжбүрлеу дерегі дәлелденбеді, өйткені бұл азаматтарға қалада емін-еркін жүріп-тұруға шектеу қойылмаған. Аудандық ІІБ-де бұларды ұстап тұру мүмкін емес, сондықтан жұмыс берушіден ақша келгенше еркіне жібердім", - дейді Алматы ІІБ аға лейтенанты Берік Қабылбеков.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.35   490.7   4.83 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети