"Жұмысты бастайық" - министр Шәмшидинова әзірше сұрақ қоймауды өтінді

26 Ақпан, 11:19
0
"Жұмысты бастайық" - министр Шәмшидинова әзірше сұрақ қоймауды өтінді - Күләш Шәмшидинова.
Күләш Шәмшидинова.

Жаңа білім және ғылым министрі Күләш Шәмшидинова ведомствоның жұмысына ену үшін уақыт сұрап, өзекті сұрақтарға кейін жауап беруге уәде етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Үкіметтің отырысынан кейін жаңа министрден білім жүйесінде не өзгеретіні жайында, сондай-ақ, мектеп асханаларының мемлекеттік сатып алу құрылымында бұзылған ережелер туралы пікірін айтуды сұраған.

"Жұмысты бастайық, кейін барлық сұрағыңызға жауап беруге дайын боламын", - деп қысқа қайырды министр.

"Ведомство жұмысына енуге қанша уақыт керек?" деген сұраққа Шәмшидинова қазіргі қарқынмен жұмыс істей беретінін айтты.

Еске салайық, Күләш Шәмшидинова кеше білім және ғылым министрлігінің басшысы болып тағайындалған болатын. Бұған дейін бұл қызметте Ерлан Сағадиев жұмыс істеді.

Айта кетейік, Шәмшидинова білім және ғылым вице-министрі қызметін екі рет атқарған - алдымен 2002 жылдың ақпанынан 2005 жылдың мамырана дейін, кейін 2007 жылдың сәуірінен 2009 жылдың қазанына дейін.

Получить короткую ссылку


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай