Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық академиясының ректоры Бибігүл Нүсіпжанова, "Театр өнері" факультетінің деканы Аман Көлбаев және студенттер тілшілерге шабуыл жасалғаны үшін кешірім сұрады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Олар "Литер" газетінің редакциясынан көпшілік алдында кешірім сұрады. Академияның студенттері бұл басылымның фотографын 20 наурызда мекемеде шыққан өрт кезінде ұрып тастаған еді. Фотограф студенттердің тілші қыздарды академия территориясынан шығарып тастап жатқан кезде оларды қорғағысы келген еді.

Тілшілерге жасалған шабуылдан кейін "Литер" және Tengrinews.kz редакциясы полицияға арыз жазған болатын. Академия студенттері Tengrinews.kz қызметкерін құлатты. Оқиғадан кейін білім беру мекемесінің ректоры Бибігүл Нүсіпжанова әкімдікке шақырылды. БАҚ өкілдерінің қатысуымен өткен кездесуде ішкі саясат басқармасының басшысы Санжар Боқаев оқиғаға кінәлі адамдардың көпшілік алдында кешірім сұрауын талап етті.
Еске салайық, БАҚ қызметкерлері 20 наурызда жоғарғы оқу орнында шыққан өрт туралы хабар таратуға барған болатын. Тілшілер білім беру мекемесінің басшылығынан пікір алуға бірнеше рет талпынып көрген еді. Бірақ білім беру мекемесінің қызметкерлері жауап беруден бас тартты. Мұның орнына декан мен бірнеше жас жігіт тілшілерден академия аумағынан кетуін талап етті. Айта кетейік, өртенген ғимараттың аумағы қоршауға алынбаған еді және оқиға орнындағы азаматтардың барлығы да ғимаратқа жақындауға мүмкіндігі болды. Жас жігіттер тілшілерді итере бастады. Бұдан кейін Tengrinews.kz тілшісі заңға қайшы әрекеттерді тіркегісі келді, оған да шабуыл жасалды. Бірнеше жігіт тілшіні жерге жықты. Мұнымен қатар, олар тілші қыздарды да итеріп тастады. Тілшілерге жасалған шабуылды көріп тұрған тәртіп сақшылары әрекетсіздік танытты.
20 наурызда күннің екінші жартысында Алматыдағы Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының ғимаратынан өрт шыққан болатын. Кинорежиссура факультеті орналасқан ғимараттың төртінші қабаты өртенген. Студенттердің сөзіне қарағанда, бүгін сабақ болмаған, бірақ Наурыз мейрамы аталып өткендіктен, олар ғимараттың ішінде болған. Айта кетейік, өрт шыққан жерге жету үшін өрт сөндіру көлігіне жарнама билборды кедергі келтірді. Техниканы өткізіп жіберу үшін академия қызметкерлеріне конструкцияны құлатуға тура келді. Алдын ала мәлімет бойынша, өрт электр сымдарының қысқа тұйықталуынан шыққан. Ал бұдан кейін Жүргенов атындағы өнер академиясында шыққан өрттің ауыздықталғаны хабарланды.