09 желтоқсан 2020 17:55

Жүргізуші куәлігін рәсімдеу кезінде керек психодиспансер мен наркологиядан анықтамалар жойылады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жүргізуші куәлігін алу үшін наркология мен психдиспансерден анықтама қажет емес. Ішкі істер министрлігі Денсаулық сақтау министрлігімен деректер базасын интеграциялау мәселесін пысықтап жатыр , - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Серік Түсіповтің хабарлауынша, ІІМ мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, қазақстандықтарды психо- және наркодиспансер есептерінен тексеру туралы мәселе пысықталып жатыр. ХҚКО мамандары ақпараттық ресурстар арқылы жүргізуші куәліктерін берерде өтініш берушінің есепте тұрғанын немесе жоқ екенін тексере алады.

"Адамның психонаркоесепте бар-жоғы белгілі болады, қағаз анықтамалар алып тасталады. Мекенжай анықтамалары сияқты бұлар да кезең-кезеңімен алып тасталады. Яғни, диспансерлерге барудың қажеті жоқ. Қазір Денсаулық сақтау министрлігімен базаларды (деректерді) интеграциялау мәселесі пысықталып жатыр", - деді Әкімшілік полиция комитетінің басшысы.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети