08 ақпан 2021 12:25

Жүргізуші куәлігінің орнына қандай құжаттарды көрсетуге болады?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов Фото Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Жүргізуші куәлігінің орнына жеке куәліктен басқа қандай құжаттарды көрсетуге болады?Төлқұжат, студенттік билет, eGov мобильді құжаттары немесе куәліктің суреті жарамды ма? Бұл туралы ІІМ Әкімшілік полиция комитеті басшысының орынбасары Серік Түсіпов айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Жүргізуші куәлігінің орнына жеке куәліктен басқа қандай құжаттарды көрсетуге болады?Төлқұжат, студенттік билет, eGov мобильді құжаттары немесе куәліктің суреті жарамды ма? Бұл туралы ІІМ Әкімшілік полиция комитеті басшысының орынбасары Серік Түсіпов айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Жеке басты куәландыратын құжаттарға келетін болсақ, заң бойынша құжаттардың тек 12 түрі жеке басты куәландырады. Студенттік билет оған кірмейді, бірақ жүргізуші жеке куәліктен басқа төлқұжатты көрсете алады", - деді Түсіпов брифингте.

Ол "Қазақстандықтар жеке куәлігінің электрон нұсқасын көрсете алам ма?", деген сұраққа жауап берді.

"Цифрлық құжаттарға келетін болсақ, қазір цифрлық даму министрлігі құжаттар сервистерін дамытып жатыр. Бірақ жеке басын куәландыратын құжаттар туралы заңға сәйкес, оларға тек материалдық объектілер жатады. Бірақ бұл жұмыс жалғасады, цифрлық технологиялар бір орында тұрмайды, дамиды, олардың құқықтық мәртебесі де өзгереді. Сондықтан алдағы уақытта цифрлық құжаттарды пайдалану мүмкін екенін жоққа шығармаймыз", - деп уәде берді Түсіпов.

Енді жүргізуші куәлігі қандай жағдайда керек? ІІМ жауабы

Еске салайық, 13 ақпаннан бастап қазақстандықтарға өздерімен бірге жүргізуші куәлігі мен техқұжаттарын алып жүрмеуге болады. Жүргізушілерде тек жеке куәлігі болуы керек.

Бұған дейін Қазақстанда жүргізуші құжаттарының бірін алуға ұмытып кетсе ескерту немесе 5 АЕК (13 225 теңге) мөлшерінде айыппұл қарастырылған болатын. 13 ақпаннан бастап айыппұл салынбайды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети