31 наурыз 2022 08:54

Жүргізушілер Өскемен әкімінің үстінен полицияға шағым түсірді

Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Хабар 24" телеарнасынан алынған кадр "Хабар 24" телеарнасынан алынған кадр

Өскемендік көлік жүргізушілер қала әкімінің үстінен полицияға арыз түсірді. Олар мұндай қадамға жолдың нашар болуына байланысты барған. Тәртіп сақшылары қала тұрғындарының жазбаша өтініштерін қабылдаған, - деп хабарлайды "Хабар 24" телеарнасы.


Өскемендік көлік жүргізушілер қала әкімінің үстінен полицияға арыз түсірді. Олар мұндай қадамға жолдың нашар болуына байланысты барған. Тәртіп сақшылары қала тұрғындарының жазбаша өтініштерін қабылдаған, - деп хабарлайды "Хабар 24" телеарнасы.

Жүргізушілер қала басшысын жолдарға жауапсыз қарайды деп айыптап отыр.

"Биыл 25 наурызда Өскемен қаласының тұрғыны полиция бөліміне жолдарды көлік қозғалысына арнап, қауіпсіз жағдайда ұстау ережелерін бұзғаны үшін арыз жолдады. Бұл арыз Өскемен қаласының Полиция басқармасында тіркелді", - деді ШҚО ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Татьяна Карпова.

Телеарна мәліметінше, Өскемендегі шұңқырлар битуммен емес, кірпішпен жамалған. Мұндай жөндеу жұмыстары ауыр жол талғамайтын көліктердің де бұзылуына әкеп соғады.

"Бізде жол жоқ, шұңқыр-шұңқыр. Көктем сайын осындай жағдай болады. Бірақ биылдай бұрын болып көрген жоқ", - дейді техникалық қызмет көрсету станциясының қызметкері Сергей Овсянников.

Блогер Александра Осипова қала көшелеріндегі жағдайды растайтын жүздеген видео жинаған. Оның оқырмандарының қатарында коммуналды қызмет басшылары да бар. Алайда жол жөндеу жұмыстары әлі басталмаған.

"Бүгінде өмір сүруге ыңғайлы болатын қала үшін құқығымызды қорғайтын механизм жоқ. Тек полиция бар. Айта кету керек, бұл жыл сайын болады. Жыл сайын қармен бірге асфальт еріп кететінін айтамыз", - деп түсіндірді блогер Александра.

Телеарна мәліметінше, шұңқырлары бар тасжолдарда шалшық жиналады. Нөсер канализациясы шұғыл жөндеуді қажет етеді. Ал Өскеменнің шалғай аудандарындағы еріген су басқан жолдары туралы айту мүмкін емес.

"Мекенжай бөліміне арыз-шағым өте көп түседі. Сондай-ақ, мердігерге күн сайын техника көлемін ұлғайту бойынша тапсырыстар жолданады. Жергілікті атқарушы органның күшімен 22 мың текше метр еріген су тазартылды", - деді Семей қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бас маманы Жасар Түсіпов.

Өскеменде қала көшелерінде жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін күн жылынғанын күтіп отырғаны айтылды. Олар 50 000 шаршы метрден аса жолды қалпына келтіруге тырысады.

"Шамамен, сәуірдің екінші онкүндігінде учаскелердегі жұмыстар басталады. Орташа жөндеу жұмыстарын 31 мамырға дейін аяқтау жоспарланып отыр", - деді Өскемен қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және автомобиль жолдары секторының меңгерушісі Ержан Ибраев. 

Өңірдегі көлік жүргізушілері көктемнің аяғына дейін жолдағы шұңқырларды айналып өтуге мәжбүр болады. Жергілікті билікке қатысты жаза әлі тағайындалмаған. Полиция департаменті жүргізушілердің арыздарын қарап жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 441.41   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети