30 қаңтар 2014 12:14

Жүргізушінің қан тобы оның куәлігінде көрсетілуі тиіс

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жүргізуші куәлігі. ©Марат Әбілов Жүргізуші куәлігі. ©Марат Әбілов

Жүргізушінің қан тобы оның көлік басқару куәлігінде немесе жеке куәлігінде көрсетілуі керек деп есептейді Сенат депутаты Ертарғын Астаев. Ол Парламент палаталарының жалпы отырысында осындай ұсыныс айтты деп хабарлайды Tengrinews.kz. "2005 жылдан бері республикада қан тобы көрсетілген кіріктірілген чипі бар куәліктер беріле бастады. Бірақ, өкінішке қарай, Ішкі істер министрлігінде бұл чиптерді оқи алатын не стационарлық, не жылжымалы терминал жоқ. Жүргізуші куәлігі мен жеке куәлікке қан тобын цифрмен көрсетіп қоюға не кедергі?", - деді Астаев жалпы отырыста "Жол қозғалысы туралы" заң жобасын талқылау кезінде. Астаевтың айтуынша, Денсаулық сақтаудың бүкіләлемдік ұйымының мәліметінше, жол-көлік оқиғасы кезінде адамды құтқарудың басты өлшемі - оның қан тобын алғашқы сағаттар ішінде жылдам анықтау. Өз кезегінде ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов депутаттармен сөз таластырмады. "Жүргізуші куәліктері бойынша біз халықаралық конвенцияны ратификацияладық, енді халықаралық тәжірибеде бар мәселелерді қарастырамыз", - деді ол.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети