13 қараша 2020 17:25

Журналист Майя Бекбаева жаңа қызметінде немен айналысатынын айтып берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандық журналист, тележүргізуші, Qazaq TV телеарнасының бас директоры Майя Бекбаева Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары болып тағайындалды. Ол Tengrinews.kz тілшісіне жаңа қызметі және болашақ жоспары туралы айтып берді. 


Қазақстандық журналист, тележүргізуші, Qazaq TV телеарнасының бас директоры Майя Бекбаева Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары болып тағайындалды. Ол Tengrinews.kz тілшісіне жаңа қызметі және болашақ жоспары туралы айтып берді. 

Майя Бекбаева оның жаңа қызметі қоғамдық жұмыс болып саналатынын айтты. Ол бұл жұмысын телеарнадағы қызметімен қатар алып жүреді. Сондай-ақ журналист бұрынғыдай бағдарламалар мен деректі фильм түсірумен айналыса беретінін айтады. 

"Мен жоспар бойынша жүріп, уақыт пен күшті бөліп жұмыс істей аламын. Сондықтан маған қойылған міндеттерді орындай аламын деп ойлаймын. Әлем өзгеріп жатыр, біз көп мәселені қашықтан шешуді үйрендік. Ол уақыт пен күшті үнемдеуге мүмкіндік береді.  

Біздің канал біртұтас организм секілді жұмыс істейді. Менің басқа уақытта айналысатын тарихи жобаларым - менің сүйікті ісім, шығармашылығым, мен онсыз өмір сүре алмаймын. Өзің шығармашылықпен айналысуды қойып кеткенде, саған телевизия саласының мамандарын түсіну қиын болады, сондықтан мен үнемі өз мамандығым бойынша жұмыс істейтін адаммын", - дейді ол. 

Журналист жаңа қызмет орнында немен айналысатынын айтты. 

"Қазақстан халқы Ассамблеясымен мен бұрыннан бері жұмыс істеп келе жатырмын, бірнеше рет іс-шараларына қатысып, журналистер клубын басқардым. Қазір осы бағыт бойынша жұмысты жалғастыру керек. 

Менің өзім де көпұлтты отбасында дүниеге келгенімді білетін шығарсыздар, мен үшін бірлік мен Қазақстандағы дінаралық келісімнің сақталуы - менің жеке басыма да қатысты мәселе. Мен біздің халық өзге елдегідей қақтығысты көрмесе деймін. Мен осы мақсатта жұмыс істеуге дайынмын", - деді ол. 

Сонымен қатар, Майя Бекбаева Қазақстан халқы Ассамблеясы мүшелерінің қызметін түсіндірумен айналысатынын айтты. 

"Көбі Қазақстан халқы Ассамблеясы - тек съездтер, ән салу мен билеу деп ойлайды. Шын мәнінде бұл әртүрлі ұлыс өкілі болса да қазақ тілін жақсы меңгерген, елдің тарихын, мәдениеті мен дәстүрін білетін керемет адамдар.  

Мен қоғам олар туралы көбірек білсе деймін, себебі олар біз үшін үлгі боларлық адамдар. Сондықтан мен олардың танымал болғанын қалаймын. Бұл бірлікті нығайтуға, қазақ тілін үйреніп, дамытуға деген маңызды қадамдардың бірі деп есептеймін", - деді ол. 

Еске салайық, Майя Бекбаева 11 қарашада Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары болып тағайындалған еді. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети