29 сәуір 2021 08:45

Журналистер Бекшинді интернет нашарлағандықтан дұрыс түсінбеді - Санэпидбақылау

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жандарбек Бекшин Жандарбек Бекшин

Алматының Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің өкілдері Жандарбек Бекшиннің "шетелдіктер Қазақстанда коронавирусты 8025 теңгеге салдыра алады" деген мәлімдемесін жоққа шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматының Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің өкілдері Жандарбек Бекшиннің "шетелдіктер Қазақстанда коронавирусты 8025 теңгеге салдыра алады" деген мәлімдемесін жоққа шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"БАҚ-та шетелдік азаматтардың вакцина салдыруына қатысты тарап кеткен қате ақпарат бойынша мынаны хабарлаймыз: бұған интернеттің нашарлауы себеп болды. Яғни БАҚ өкілдерімен онлайн кездесу барысында әңгіме зертханаларда жасалатын ПТР-тесттің бағасы - 8025 теңге туралы болған. Зертханалар вакцина салумен айналыспайды. Сондықтан бұл вакцинаның бағасы деген қате ақпарат тарап кеткен", - дейді ведомство өкілдері.  

Сонымен қатар, департамент өкілдері Қазақстанда коронавирусқа қарсы вакцинация тегін жүргізілетінін хабарлады.  

Одан бөлек, вакцина салдыруға тұрғылықты мекенжайы бар, оның ішінде, шетел азаматтары еңбек мигранттары, босқындар мен қандастардың құқығы бар. Уақытша тұрып жатқан азаматтар вакцина салдыра алмайды. 

Айта кетейік, бұған дейін журналистер Бекшиннен шетелдік азаматтардың вакцина салдыруына қатысты сұрақ қойған болатын. Қаланың бас санитария дәрігері "Қазақстанда жүрген шетел азаматтары вакцинаны ақылы түрде салдыратынын" айтқан болатын. 

"Бәріне баға ортақ. Мемлекеттік емес ұйымдар бар, олардың өз тарифі бар. Бағасы 8025 теңгеден қымбат болмауы керек. Бірақ 7500, 7000 теңгеге салдыратын жеке ұйымдар да бар. Бірақ зертханалардың көбінде оның бағасы 8025 теңгеден аспайды", - деген еді Бекшин.  

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети