17 шілде 2017 13:32

Жыл басынан бері елімізде жаңа туған 1 344 нәресте қайтыс болған - статистика

ПОДЕЛИТЬСЯ

ҚР Ұлттық экономика министрлігінің баспасөз қызметі 2017 жылғы қаңтар-мамырдағы Қазақстан Республикасының демографиялық ахуалы туралы мәліметті бөлісті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


ҚР Ұлттық экономика министрлігінің баспасөз қызметі 2017 жылғы қаңтар-мамырдағы Қазақстан Республикасының демографиялық ахуалы туралы мәліметті бөлісті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"2017 жылғы 1 маусымға еліміздегі халық саны - 18 014,2 мың адам, соның ішінде қалалықтар - 10 358,0 мың (57,5 пайыз), ауылдықтар - 7 656,2 мың адам (42,5 пайыз). 2016 жылғы 1 маусыммен салыстырғанда халық саны 239,2 мың адамға немесе 1,3 пайызға өсті", - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Сондай-ақ, АХАТ органдары ұсынған азаматтық хал актілері жазбаларындағы мәліметтерді өңдеу нәтижесінде 2017 жылғы қаңтар-мамырда туғандар саны 155,4 мың адам болған, бұл 2016 жылғы қаңтар-мамырға қарағанда 6,2 пайызға аз. Туудың жалпы коэффициенті 1000 адамға 20,83 туған.

2017 жылғы қаңтар-мамырда республика халқының табиғи өсімі 2016 жылғы қаңтар-мамырмен салыстырғанда 9,9 мың адамға немесе 9,1 пайызға кеміп, 99,7 мың адам болды. Табиғи өсімнің жалпы коэффициенті 1000 адамға шаққанда 13,37 адамды құрады.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, қарастырылып отырған кезеңде қайтыс болғандар саны 55,7 мың адамды құрады, бұл 2016 жылғы қаңтар-мамырға қарағанда 0,7 пайызға аз. Өлім-жітімнің жалпы коэффициенті 1000 адамға 7,46 қайтыс болғандарды құрады.

2017 жылғы қаңтар-мамырда республикада 1 жасқа дейінгі 1 344 нәресте өлімі тіркелді. 2016 жылғы қаңтар-мамырмен салыстырғанда 1 жасқа дейінгі шетінеген нәресте саны 16,8 пайызға азайған.

"Нәресте өлім-жітімінің негізгі себебі - перинаталдық кезеңде пайда болатын жағдайлар, бұдан 2017 жылғы қаңтар-мамырда 666 нәресте қайтыс болып, нәрестелер арасындағы жалпы өлім санының 49,6 пайызын құрады. Туа біткен ауытқулардан 318 немесе 23,7 пайыз, тыныс органдары ауруларынан - 92 немесе 6,8 пайыз және жазатайым жағдайдан, уланудан және жарақаттан - 72 немесе 5,4 пайыз нәресте қайтыс болды. 2017 жылғы қаңтар-мамырда нәресте өлім-жітімінің коэффициеті 1000 туғандарға шаққанда 8,65 құрады", - делінген хабарландыруда.

Көші-қон қызметі органдары ұсынған мәліметтерді өңдеу нәтижесінде, 2017 жылғы қаңтар-мамырда елімізге тұрғылықты тұруға келгендердің тіркелу саны 2016 жылғы қаңтар-мамырмен салыстырғанда 36,3 пайызға көбейіп, 7 204 адамды құрады. Елімізден кеткен көшіп-қонушылардың тіркелу саны 4,0 пайызға көбейіп, 
10 975 адамды құрады, көші-қонның айырымы - 3 771 адам болды.

Еліміздегі негізгі көші-қон алмасуы ТМД мемлекеттерімен болуда.

· ТМД елдерінен келгендердің үлесі - 68,9 пайыз;

· ТМД елдерге кеткендердің үлесі - 87,7 пайыз.

Өңіраралық көшіп-қонушылардың үлесіне еліміздің жалпы ішкі көшіп-қонушылар санының 34,0 пайызын кұрады. Өңіраралық көші-қонның оң айырымы:

· Астана қаласы - 20 647 адам;

· Алматы қаласы - 9 698 адам;

· Ақмола облысы - 1 459  адам;

· Алматы облысы - 181 адам;

· Атырау облысы - 12 адам қалыптасты.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети