23 қазан 2018 08:11

Қалқаманда метро салу үшін 38 жер телімі қолданыстан алынады

Камила Долаева Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы метрополитені. © Владимир Дмитриев Алматы метрополитені. © Владимир Дмитриев

Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек метро желісін салу үшін жерді және жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп меншіктен шығару басталғанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Вечерний Алматы" сайтына сілтеме жасап. 

"Электр көлігі үшін Алматы қаласы Наурызбай ауданы Қалқаман-2 ықшамауданындағы жер немесе басқа да жылжымайтын мүлікті мемлекет қажеті үшін мәжбүрлеп меншіктен шығару басталсын", - делінген әкімнің қаулысында. 

Мүлікті меншіктен шығару 2020 жылдың 31 желтоқсанына дейін бекітілді. 

Меншік иелері Алматы қаласы, Алмалы ауданы, Төле би көшесі, 155, 514 бөлмесі мекен-жайы бойынша қосымша ақпарат ала алады. 

Алматы қаласының Жер қатынастары басқармасына меншік иелеріне хабарлап, заңда белгіленген тәртіппен жер телімінің иелеріне өтемақы төленуін қамтамасыз ету, сондай-ақ жұмыс аяғына жеткенде Алматы қаржы департаментінің балансына беру тапсырылды. 

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети