Қалың қар және бұрқасын: 17 қаңтарға арналған ауа райы болжамы

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото:depositphotos.com Фото:depositphotos.com

Синоптиктер ертең, 17 қаңтарда Қазақстанның 15 өңірінде ауа райы қолайсыз болатынын болжады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Синоптиктер ертең, 17 қаңтарда Қазақстанның 15 өңірінде ауа райы қолайсыз болатынын болжады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде жаяу бұрқасын, көктайғақ. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман түседі.

Ақтөбе облысының оңтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде тұман.

Атырау облысының оңтүстігінде, шығысында, күндіз батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде жаяу бұрқасын. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман, көктайғақ.

Қостанай облысында бұрқасын, күндіз облыстың шығысында, оңтүстігінде бұрқасын. Облыстың батысында, солтүстігінде тұман. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың батысында, шығысында, оңтүстігінде екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.

Павлодар облысында жаяу бұрқасын.

Маңғыстау облысының батысында, солтүстігінде, орталығында тұман, көктайғақ. Солтүстік-батыстан жел соғады күндіз облыстың батысында, солтүстігінде екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.

Ақмола облысында бұрқасын. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні - 15-20 м/с.

Жамбыл облысының таулы аудандарында жауын-шашын (жаңбыр, қар) мол түседі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман, көктайғақ. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, таулы аудандарында екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.

Абай облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында жаяу бұрқасын. Күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында көктайғақ. Жел оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде орталығында екпіні секундына 23 метрге дейін жетеді.

Шығыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын, күндіз көктайғақ. Жел шығыстан, оңтүстік-шығыстан соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с-ке жетеді.

Қызылорда облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында тұман, көктайғақ болады.

Ұлытау облысының батысында, солтүстігінде, орталығында жаяу бұрқасын. Күндіз бұрқасын. Облыстың шығысында, оңтүстігінде кей уақыттарда тұман. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні - 15-20 м/с.

Қарағанды облысының оңтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар). Түнде облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде жаяу бұрқасын, күндіз бұрқасын. Облыстың оңтүстігінде кей уақыттарда тұман, көктайғақ. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні - 15-20 м/с.

Солтүстік Қазақстан облысында қар, бұрқасын. Түнде және таңертең облыстың батысында тұман түседі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында екпіні - 15-20 м/с.

Астанада кей уақыттарда жаяу бұрқасын. Оңтүстік-батыстан жел соғады, таңертең және күндіз екпіні секундына 15-18 метрге жетеді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 511.01  course up  530.45  course up  5.23  course down

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer