18 сәуір 2024 | 16:17

"Қан емес, балмұздақ". Бишімбаев қабырғадағы дақ туралы айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

видео кадры видео кадры

Астананың қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Қуандық Бишімбаев пен Бақытжан Байжановқа қатысты сот процесі жалғасып жатыр. Байжановтың телефонын қарау кезінде Бишімбаевтың пәтерінен қан іздері бар суреттер табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Астананың қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Қуандық Бишімбаев пен Бақытжан Байжановқа қатысты сот процесі жалғасып жатыр. Байжановтың телефонын қарау кезінде Бишімбаевтың пәтерінен қан іздері бар суреттер табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Байжановтың айтуынша, оларды былтыр наурызда Бишімбаевтың пәтеріндегі үй қызметкері жіберген. Содан кейін прокурор Байжанов пен Бишімбаевтың үй қызметкері арасындағы хаттарды оқып берді, ол пәтер тазалығы туралы баяндаған. Үй қызметкері пәтерде қан көп болғанын айтады.

"Бәрін тазалап жатырмыз. Барлығы қан. Бұл Кәрімнің бөлмесі сияқты (Бишімбаевтың ұлы. - еск.). Онда неге барған, қызық. Матрасты жуылғанша жудық, содан кейін аударып, орнына қойдық. Барған кезде қараңыз. Кілемдерді тазалауға беру керек. Мұнда ток ашық тұр. Егер лентамен орамаса, ток соғуы мүмкін", - деп оқыды мемлекеттік айыптаушы үй қызметкерінің хабарламасын.

Қорғаушылар Бишімбаевтан бұл қан қайдан пайда болғанын сұрады. Сотталушы Салтанат екеуінің арасындағы жанжал кезінде ыдыс-аяқ сынғанын оған аяғын жаралап алғанын айтты.

"Бұл Салтанаттың қаны емес. Ыдыс-аяқ, әйнек сынды, мен оны оң аяғыммен басып кеттім. Үлкен тыртық бар. Таңертең тұрғанда басып кетіп, аяғымды кесіп алдым. Ал мен Кәрімнің бөлмесінде түнеген едім, сондықтан кілем сондай күйде болды. Оң аяғымдағы тыртықты көрсете аламын", - деп жауап берді Бишімбаев.

Келесі кезекте прокурор сотталушыдан суретте болған қабырғада екі метр деңгейде қан жағылған жер болғанын, оны қалай түсіндіре алатынын сұрады. Бұған жауап ретінде Бишімбаев бұл балмұздақтың ізі екенін айтты.

"Назар аударыңыздар: қабырғадағы қан емес, онда бір банка балмұздақ тұрғанын көресіз. Мен айттым ғой қабырғада қан болуы мүмкін емес, бұл - шашырап кеткен балмұздақ ізі", - деп жауап берді сотталушы.

Жәбірленушілер жағы үй қызметкерінен куә ретінде жауап алуды сұрады. Алайда судья бұл өтінішті қанағаттандырмады.

Кейін Бишімбаевтың адвокаты Назкен Құсайынова Бишімбаевтың алған жарақаты туралы сипаттаманы оқып берді, оның ішінде сол аяғы сырылғаны туралы атап өтті.

"Қорғаушы, біріншіден, сотталушы: "Оң аяғында" деп айтқан сияқты еді. Содан кейін ол "тыртық" деп айтқан сияқты, бірақ сіз "сырылған жерін" оқып жатырсыз, - деді судья.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 482.09   532.1   5.08 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети