20 мамыр 2022 14:25

Қаңтар оқиғасы: Алматыда "Қазақстан" телеарнасының өртеніп кеткен ғимараты сүріледі

Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда "Қазақстан" телеарнасының ғимараты cүріледі. Оның орнына телеарнаның жаңа ғимараты тұрғызылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматыда "Қазақстан" телеарнасының ғимараты cүріледі. Оның орнына телеарнаның жаңа ғимараты тұрғызылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Еске салайық, 5 қаңтардағы тәртіпсіздік барысында Алматыдағы Qazaqstan және "Хабар" арналарының кеңселеріне шабуыл жасалған болатын. Ғимарат өртеніп, ол бірнеше күнге созылған еді. Қаңтардың ортасында "Қазақстан" РТРК" АҚ Алматы филиалының директоры Сәуле Жиреншина тарихи ғимаратты 4-5 ай ішінде қалпына келтіруге болатынына үміттенетінін айтты. Алайда алматылықтар Желтоқсан көшесіндегі бұл ғимаратта бөлшектеу жұмыстары жүргізіліп жатқанын байқаған еді.

Телекомпания филиалының директоры өрт салдарынан жекелеген бөліктердің конструкциялары бүлінгенін айтты. Олардың жүк көтеру қабілеті 3-санатқа дейін төмендеген, яғни ғимаратты қалпына келтіру құны нысанның нарықтағы құнының 85 пайызынан асатын болып шыққан.

 

"Мамандар мұқият тексергеннен кейін ғимарат ҚР СП 2.03-30-2017 "сейсмикалық аймақтардағы құрылыс" бойынша талаптарға сай келмейтіні анықталды. Сондықтан оны сүріп, жаңа ғимарат салу туралы шешім қабылданды. Қазір апаттың салдарын жою, сондай-ақ, жаңа ғимарат салу бойынша жобалық-сметалық құжаттамасын әзірлеу жұмыстары жүргізіліп жатыр", - деді Сәуле Жиреншина.

Оның айтуынша, зардап шеккен ғимараттың орнында Qazaqstan жаңа телеорталығы салынады. Ғимарат заманауи медиа нысандарға қойылатын соңғы талаптарды ескеріле отырып салынады. Онда заманауи жабдықтар орнатылған студиялар болады.

Сәулет тұрғысынан жаңа ғимарат бұрынғыдан өзгеше болады және "жоғары технологиялық" стиль элементтері бойынша жасалады. Жиреншинаның айтуынша, ғимарат қала орталығының келбетін бұзбайды. Филиалда Qazaqstan, Qazsport, ABAI TV, Balapan сияқты 4 арнаның кеңселері мен студиялары орналасады. 

"Қазақстан" АҚ филиалының директоры жұмысты аяқтау мерзімі әлі белгісіз екенін, бірақ құрылысқа бір жарым жылдан екі жылға дейін уақыт кетуі мүмкін екенін атап өтті. Жұмыстар республикалық бюджеттен қаржыландырылады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.77   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети