16 ақпан 2022 12:37

Қаңтар оқиғасы бойынша тергеу изоляторында 728 адам отыр - ҚАЖД

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видео кадры Видео кадры

Ішкі істер министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті қаңтар оқиғасы бойынша тергеу изоляторында 728 адам отырғанын хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Ішкі істер министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті қаңтар оқиғасы бойынша тергеу изоляторында 728 адам отырғанын хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Комитет төрағасы Жанат Ешмағамбетов қылмыс жасады деген айып тағылуына байланысты сотта күзетпен ұстау туралы шешім шығарған азаматтарды тергеу изоляторларында ұстау жағдайлары туралы хабардар етті.

"Бүгінде 728 адам жатыр. Олардың бәрі ауыр және аса ауыр қылмыс жасады деген күдікке ілінген. Тағылған айыпқа құқықтық баға соттың құзыретіне жатады және ұсынылған дәлелдемелердің, оның ішінде видео жазба, куәлардың айғағы және басқа да материалдар негізінде беріледі.

Қаңтарда Алматы көшелерінде және бірқатар облыс орталықтарында тонау деректері болғаны, ғимараттар мен көліктер өртеніп, бейбіт тұрғындарға күш қолданылғаны, полиция қызметкерлері мен әскери қызметкерлерге шабуыл жасалғаны бәріміздің есімізде", - деді Ешмағамбетов.

Ол осы кезеңде елімізде көп ғимарат тоналып, өртенгенін, жүздеген көлік қирағанын еске салды. Мемлекеттік және жекеменшікке үлкен материалдық шығын келтірілді.

Ешмағамбетов тек ауыр және аса ауыр қылмыс жасады деп айыпталғандар ғана қамауға алынғанын айтты.

"Соттар жасалған әрекетті, күдіктілердің жеке басын, жасын ескере отырып, тергеу және прокуратураның бастамасымен 270 адамға қоғамнан оқшаулауға байланысты емес бұлтартпау шаралары - үйқамақ, елге шығуға тыйым салу және т.б. таңдалған.

Бұл нәтижелер тергеу органдары мен прокуратураның қылмыстық істер материалдарын жан-жақты тексеру жөніндегі қызметі барысында жасалды. Істерді тергеуде ғана емес, қамауда ұстау жағдайларында да заңның үстемдігі мен адам құқықтарының сақталуын қамтамасыз ету өте маңызды", - деп түйіндеді ол.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.32   490.7   4.78 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети