28 ақпан 2022 16:01

Қаңтар оқиғасы: қаза болғандардың отбасына 7 миллион теңге беріледі

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©REUTERS Фото ©REUTERS

"Қазақстан халқына" қоғамдық қорының қамқоршылық кеңесі отырысында қаңтардағы тәртіпсіздіктер кезінде жараланғандар мен қаза тапқандардың отбасына материалдық көмек көрсету туралы шешім қабылданды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қордың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


"Қазақстан халқына" қоғамдық қорының қамқоршылық кеңесі отырысында қаңтардағы тәртіпсіздіктер кезінде жараланғандар мен қаза тапқандардың отбасына материалдық көмек көрсету туралы шешім қабылданды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қордың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қор қаза болғандардың отбасына көңіл айтып, қаңтар оқиғасы кезінде зардап шеккендерге қолдау білдірді.

"Қаза болған әрбір әскери қызметшінің, ішкі істер, ұлттық қауіпсіздік органдары қызметкерінің, оқиғаның кездейсоқ құрбаны болған азаматтардың отбасына 7 миллион теңгеден материалдық көмек көрсетіледі. Бұл ретте ауыр жараланған әскери қызметшілерге, ішкі істер және Ұлттық қауіпсіздік органдарының қызметкерлеріне, сондай-ақ жараланған балалардың отбасына 3 миллион теңгеден бағытталады", - делінген хабарламада.

Қорға Қорғаныс министрлігі, Ішкі істер министрлігі, Ұлттық қауіпсіздік комитеті және Республикалық гвардиядан 21 адам қаза тауып, 43 адам ауыр жарақат алғаны туралы ақпарат түскені хабарланды.

Сонымен қатар, Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Аружан Саиннан қаза тапқан 3 бала мен жарақат алған 4 бала, сондай-ақ қаза болған бір көпбалалы ана туралы ақпарат келіп түскен.

Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Эльвира Әзімова қаңтар оқиғасының кездейсоқ құрбаны болған 29 азамат туралы ақпарат жіберген. Бұл тізімнің үшеуі Бала құқықтары жөніндегі уәкіл тізімінде, екеуі Ұлттық қауіпсіздік комитетінің тізімінде қайталанады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.4   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети