14 қаңтар 2021 14:45

Қапшағайда көліктің үстінен жүгіріп өткен пранкер ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© polisia.kz © polisia.kz

Қапшағайда жаяу жүргіншілер жолында көліктің үстінен жүгіріп өткен пранкер ұсталды, - деп хабарлайды Polisia.kz.


Қапшағайда жаяу жүргіншілер жолында көліктің үстінен жүгіріп өткен пранкер ұсталды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

"Қапшағай қаласы Полиция бөлімшесінің қызметкерлері Instagram желісіндегі парақшасы үшін ролик түсірген пранкерді ұстады. Енді ер адам заң бойынша жауап береді", - делінген хабарламада. 

Қапшағайдың Полиция бөлімшесінің басшысы Манат Айтмұханбетовтің сөзінше, әзіл ретінде көліктің үстінен жүгіріп өткен 31 жастағы ер адам айналасындағыларға құрметсіздік білдіретін және қоғамдық тәртіпті бұзатын әрекет жасаған.

Тәртіп сақшылары ер адамға қатысты Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 434-бабының, 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырды. Әкімшілік материал процессуалдық шешім қабылдау үшін қалалық сотқа жіберілді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 439.43   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети