1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Ел жаңалықтары

Қарағанды дәрігерлері үйдің кіреберісінен табылған екі айлық сәбидің жағдайын айтты 04 наурыз 2021, 12:54

Қарағанды дәрігерлері қаладағы үйлердің бірінің кіреберісінен табылған баланың денсаулығы туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Vkontakte
  • Facebook
  • Twitter
  • Одноклассники
  • Telegram
Новостью поделились: человек

Видео кадры Видео кадры

Қарағанды дәрігерлері қаладағы үйлердің бірінің кіреберісінен табылған баланың денсаулығы туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Сәби Қарағандыдағы облыстық балалар клиникалық ауруханасында жатыр. Дәрігерлер тексерді. Алдын ала мәлімет бойынша, сәбидің дені сау. Медицина қызметкерлері баланы тағы қарайды, бауырын да тексереді, өйткені оның терісі сәл сарғыштанған.

"Қыздың жағдайы орташа. Сәбидің дені сау. Оны сүт қоспасымен тамақтандырады, тамақты жақсы ішеді. Шамамен 1,5-2 айлық. Ол белсенді, күлімсіреп қалған", - деді медицина мекемесіндегілер.

Бала әзірше дәрігерлердің бақылауында болады. Алдағы уақытта оны "Шапағат" бөбектер үйіне тіркеуі мүмкін. Алайда дәрігерлер бұл туралы айтуға әлі ерте дейді.

Полиция қызметкерлері баланың биологиялық анасын іздестіріп жатыр. Оның көпқабатты үйдің кіреберісіне нәрестені тастап кеткені дәлелденсе, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 191-бабы "Қауіп-қатерге қалдыру" бойынша қылмыстық жауапқа тартылады. Осы баптың санкциясына сәйкес, оған 100 айлық есептік көрсеткішке дейінгі айыппұл немесе сол мөлшердегі түзеу жұмыстары я жүз жиырма сағатқа дейін қоғамдық жұмыстарға тарту немесе қырық бес күнге дейін қамауға алу түріндегі жаза тағайындалады. 

Еске салайық, Қарағандыда көпқабатты үйдің кіреберісінде көрпеге оралған екі айлық қыз табылды. 3 наурызға қараған түні тұрғындар нәрестені тауып, полицияға хабарлады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!



Join Telegram