Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.80
EUR / KZT - 390.57
CNY / KZT - 49.88
RUB / KZT - 5.60

Қарағанды жер қатынастары бөлімінің басшысы Ернар Дәрібеков қызметінен босатылды

27 Желтоқсан 2014, 16:03
0
Ернар Дәрібеков. ©Айсұлу Бұштаева
Ернар Дәрібеков. ©Айсұлу Бұштаева

Қарағанды жер қатынастары бөлімінің басшысы Ернар Дәрібеков кейбір кәсіпкерлерге жебеушілік етіп, мемлекетке шығын келтіргені үшін қызметінен босатылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қарағанды әкімі Нұрлан Әубәкіров жер қатынастары бөлімінің басшысы Ернар Дәрібековты қызметтен босату туралы бұйрыққа қол қойды. Оның қызметтен босауына "Мемлекеттік қызмет туралы" заң мен "Жемқорлыққа қарсы күрес туралы" заңын бұзғаны себеп болып отыр. "Дәрібековтің әрекетіндегі заңбұзушылықты Мемлекеттік прокуратура бюджет заңнамасын іске асыру, мемлекеттік сатып алулар туралы заңнама нақтылап айтсақ, кәсіпкерлік және жемқорлықпен күрес мәселелері жөніндегі тексеру кезінде анықтады", - деді тәртіп кеңесінің отырысында облыстық мемлекеттік қызмет және жемқорлыққа қарсы басқармасының басшысы Жандос Сәрсенов. 

Іс материалына сәйкес, Ернар Дәрібеков автотұрақтарды көп мерзімге жалға алған кейбір фирмаларға қорғаншылық етумен мемлекетке шығын келтірген. Шенеунік мемлекеттің кәсіпкерлерге берген жер телімдеріне төленетін соманы қасақана азайтқан. Ал жалға берілген жерлердің негізгі төлем құны кәсіпкерліктің субъектілерінің бәріне бірыңғай сома Жер кодексімен және Қарағанды мәслихатының шешімімен бекітілген еді, Ернар Дәрібеков бұл талаптарды елемеді. Ол Best Petrol жауапкершілігі шектеулі серіктестігінен 0,0245 гектар жер телімі үшін 4 мың 256 теңге алып отырған, бірақ негізінде бірінші категориядағы автотұрақ үшін төлем 28 371 теңге болуы керек еді.   

Мұнымен қатар, Бас прокуратура Ернар Дәрібеков тарапынан жалға берілен жерлердің төлемін төмендету арқылы кәсіпкерлердің мүддесін қорғаштаудың 8 дерегін анықтады. Мәселен,  Olympia Group Servise жауапкершілігі шектеулі серіктестігінен шенеунік заңды алынуы керек болған 70 522 теңгенің орнына 10 мың теңге алған. Осы тоғыз эпизодта бюджетке түспей қалған жалпы сома - 815 851 теңге.

Қазіргі уақытта Ернар Дәрібеков жемқорлық қылмыс жасады делініп, айыпталушы ретінде тергеу изоляторында отыр. Тергеу мәліметінше, ол Қарағанды әкімі Мейрам Смағұловтың туыстары мен достарының атына, өзінің орынбасары Мәрлен Шалтақов пен өзге де адамдардың атына тіркелген жалған DDKZGroup фирмасы арқылы жалпы көлемі 1,2 гектар болатын 12 жер телімін кезексіз тіркеген.  

Айта кетейік, тәртіптік кеңестің отырысына Ернар Дәрібеков қамауда болғандықтан келе алмады. Ол жазбаша түрде өз кінәсін мойындамайтынын жеткізді, себебі, оның айтуынша, негізгі төлемнің жоғарылатылған коэффициенттері қонақтар тұрағына емес, коммерциялық автотұрақтарға қолданылады. Бірақ тәртіптік кеңестің мүшелері бұл тараулардың заңда жоқтығын, сол себепті оның дәлелдері негізсіз деп тапты. Кеңес мүшелері Ернар Дәрібековті қызметтен босатуға бірауыздан дауыс берді. Қарағанды әкімі Нұрлан Әубәкіров бұл ұсынысты қабылдап, шенеунікті жұмыстан шығарды.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай