20 сәуір 2020 15:21

Қарағанды облысында әйел өз баласын суицид жасаймын деп қорқытпақ болған

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сурет: polisia.kz Сурет: polisia.kz

Қарағанды облысының Приозерск қаласында 51 жастағы әйел 23 жастағы ұлын суицид жасаймын деп қорқытқысы келген, оны полиция қызметкері құтқарды, - деп хабарлайды Polisia.kz.


Қарағанды облысының Приозерск қаласында 51 жастағы әйел 23 жастағы ұлын суицид жасаймын деп қорқытқысы келген, оны полиция қызметкері құтқарды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

16 сәуірде полиция қызметкері бесінші қабаттағы балконның сыртқы жағына шығып алған әйелді құтқарды. 51 жастағы ана балконнан секіргісі келмеген екен, өз-өзіне қол жұмсау тіпті ойында болмаған. Ол мұндай әрекетке 23 жастағы ұлымен сөзге келіп қалған соң барған. Жігіт үйге кеш оралып жүрген соң, анасы оны жаман адамдармен байланысып жүр деп, ойға шақырғысы келген.

Бірақ жігіт өміріне араласпауын сұрап, бөлмесіне барсын деген. Сонда әйел балконға жүгіріп, ұлы құтқарады деп, сырт жаққа шығып кеткен. Алайда ұлы көмекке келмейді, ал әйелдің қолы тез талып, балконға өз бетімен шыға алмай қалады. Әйел көмекке шақыра бастайды, кейін полиция қызметкері оны құтқарады.

"Түскі уақытта үйге бара жатқанымда бір нәрсе болып жатқанын байқадым. Басымды көтерсем, қатты айқайлап, жылап жатқан әйелді көрдім. Сосын төртінші қабаттың балконынан полицей шықты. Ол тез арада бесінші қабатқа секірді де, бір қолмен әйелді ұстап, пәтерге тартып алды", - дейді оқиға куәгері Елена Светлова.

"Мен үй подъезіне жүгіріп бардым, бесінші қабатқа көтеріліп, әйелдің пәтерін таптым. Есікті бірнеше рет қақтым, ешкім жауап бермеді. Бір қабатқа төмен түсіп, көрші пәтерге бардым. Есікті бір әже ашты. Оған жағдайды түсіндіріп едім, мені балконға жіберді. Онда төртінші қабаттан бесінші қабаттағы балконға секіріп, бір қолыммен әйелді тартып, алдымен балконға, кейін пәтерге кіргіздім", - деді полицей Нұрболат Ержанов.

Нұрболат Ержанов спорт шеберіне үміткер, ішкі істер органдарында 2017 жылдан бері жұмыс істейді. Үйленген, екі ай бұрын тұңғышы дүниеге келген.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети