13 сәуір 2023 18:03

Қарағанды облысында бірнеше ауылдың атауы қазақшаға ауыстырылады

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қарағанды облысында бірнеше ауылдың атауы қазақшаға ауыстырылады. Қаулы жобасы қоғамдық талқылау үшін жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қарағанды облысында бірнеше ауылдың атауы қазақшаға ауыстырылады. Қаулы жобасы қоғамдық талқылау үшін жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Бұқар Жырау ауданы Үштөбе ауылдық округіндегі Новостройка ауылы - Атамекен ауылына қайта аталсын", - деп жазылған құжатта.

Бұдан бөлек, Осакаров ауданының бірнеше ауылдық округтері мен ауылдарының атауы өзгереді:

  • Звездный ауылдық округі - Жұлдыз ауылдық округіне;
  • Тельман ауылдық округі - Нияз ауылдық округіне;
  • Звездный ауылдық округіндегі Звездное ауылы - Жұлдыз ауылына;
  • Николаевка ауылдық округіндегі Комсомольское ауылы - Қайыңды ауылына;
  • Қаратомар ауылдық округіндегі Сенакосное ауылы - Қаратомар ауылына;
  • Тельман ауылдық округіндегі Тельманское ауылы - Қаракөл ауылына;
  • Садовый ауылдық округіндегі Чапаево ауылы - Жаңатоған ауылына.

Құжат 27 сәуірге дейін талқылау үшін Ашық НҚА сайтында жарияланды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети