29 қаңтар 2023 16:36

Қарағанды облысында жасы 80-ге таяған бапкер балаларды жаттықтырып жүр

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видеодан алынған кадр Видеодан алынған кадр

Қарағанды облысында қария бапкер қарттар үйінде тұрса да, балаларды жаттықтырып жүр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Хабар 24" телеарнасына сілтеме жасап.


Қарағанды облысында қария бапкер қарттар үйінде тұрса да, балаларды жаттықтырып жүр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Хабар 24" телеарнасына сілтеме жасап.

Жас кезінде талай шыңды бағындырған ол енді шәкірттерін жетістікке жетелемек. Сексенге таяса да спортты серік еткен Есіркеп Жақсыбаев мектеп оқушыларына бокстан шеберлік сағатын өткізіп жүр.

Жасы 80-ге жақындаған Есіркеп Жақсыбаев күнделікті 2 сағат уақытын спортқа арнайды. Бұл бала кезінен қалыптасқан әдеті. Оның "ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы" деген спорт дәрежесі бар. Бүгінде өзі тұрып жатқан Шахан кентіндегі мектеп оқушыларына да білгенін үйретіп отырады.

"Оны Шахан кетінде бәрі біледі. Тіпті Серік Сәпиевті де жаттықтырған. Бір ерекшелігі, бокста намыс болу керек. Мықты, өз талпынысы бар адам болу керек. Осының бәрін бізге Есіркеп атамыз үйретті", - дейді оқушы Бақыт Асан.

Есіркеп Жақсыбаев - бұрынғы Қарағанды дене шынықтыру техникумының түлегі. Ол одан соң спорт шебері атанған, Қазақ КСР біріншілігінің жүлдегері, республикалық жарыстардың жеңімпазы болды. Жас шағында Еуропа елдерінің рингтерінде жасындай жарқылдаған.

"Шәкіртім көп болды. Екеуі әлемдік турнирлерден жеңіске жетті. Солармен мақтанамын. Мен өзім қарттық дегенді білмеймін, бар өмірімді спорт саласына арнадым. Қазір де осы спорттың арқасында ауру-сырқауды білмеймін. Адам көп жүру, көп жүгіруі керек", - дейді ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы Есіркеп Жақсыбаев.

Былғары қолғап шеберінің ақындығы да бір төбе. Спорт залынан шыққан соң мына қалың дәптерін қолына алады. Туған жерге деген махаббатын, мамандығына деген адалдығын қария орыс тілінде өлең етіп жазады. Бұдан бөлек, тағдырластарын да спортпен, бимен айналысуға үгіттейді.

"Биді өте қатты жақсы көреді. Биді, сосын өлең шығарғанды ұнатады. Күнде таңертең бұл кісі осы мекмеден бастап Шахтинскке дейін жүгіріп барып келеді. Есіркеп Қамайұлының туған інісі бар, ол кісі жиі келіп тұрады", - дейді "Шахтинск қаласының арнаулы әлеуметтік кызмет көрсету орталығы" КММ директоры Ерлан Жәукімов.

Қазыналы қарт 2011 жылдан бері қарттар үйінде тұрады. Бір ұлы қаза тапқан, ал қызы шетелде тұрады. Қазір осында өзімен тағдырлас 90 адам тұрады.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети