Қарағанды облысында лимфангит дертінен жылқылар қырылып жатыр

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
ҚР Әділет министрлігі ҚР Әділет министрлігі

Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданының үш ауылында эпизоотиялық лимфангит тіркелді. Аталған дерттен екі жыл ішінде 300-ден астам жылқы қырылған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданының үш ауылында эпизоотиялық лимфангит тіркелді. Аталған дерттен екі жыл ішінде 300-ден астам жылқы қырылған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қарағанды облысы аумақтық инспекциясының мамандары Бұқар жырау ауданының үш ауылында эпидемия тіркелгенін ресми растады. Жылқылар арасындағы дертті екі жыл бұрын Үміткер ауылдық округінің мамандары анықтаған. Жұқпалы мал ауруы ауданның тағы екі ауылында тіркелген.

"Карантиндік аймақта Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті эпизоотикалық ауруларға қарсы республикалық жасағының мамандары жұмыс істеуде. Олардың міндеті – бес күнде бір рет ірі жылқы үйірлерін айналып өтіп, клиникалық расталған ауруы бар жануарларды оқшаулау. Әр он бес күн сайын ат қораларда дезинфекция жасау. Біз бұл жұмыстардың барысын бақылап отырмыз", – деп түсіндірді ҚР АШМ Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитетінің аумақтық инспекциясы басқармасының басшысы Дархан Иманбаев.

Төрткөл ауылының тұрғыны Мәдениет Жұмаділдәнің 20 бас малы қырылып қалған. Сонымен қатар, фермер жылқыларын емдеуге де қыруар қаражат жұмсағанын айтады.

"Өткен жылы 10 бас қырылды. Биыл тағы он жылқымнан айырылдым. Әлі де кейбір жылқыларым ауырып жатыр. Оларды емдеу және үнемі күтім жасау керек. Бұл қаншама шығын. Бірақ басқа амал жоқ. Әйтпесе, барлық үйірімізден айырылып қаламыз", – дейді Мәдениет Жұмаділда.

Африкалық жұқпалы дерт негізінен тұяқты жануарлар арасында тарайды. Сарапшылардың пікірінше, ауруды жұқтырған жылқыларда жара пайда болады, содан кейін олар іріңдеп кетеді екен. Төрткөл ауылының тұрғындары, егер жауапты органдар қырылған малдың шығынын өтеу процесін жеделдетпесе, құзыретті органдарға жүгінбекші.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 511.01  course up  530.45  course up  5.23  course down

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer