01 қараша 2020 15:03

Қарағанды облысында шектеу шаралары күшейтіледі

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қарағанды облысында 4 қарашада үш санитарлық бекет орнатылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қарағанды облысында 4 қарашада үш санитарлық бекет орнатылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қарағанды облысында КВИ бойынша эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру үшін 4 қарашада сағат 00-де сыртқы шекараларға кіруді/шығуды бақылау үшін үш санитарлық бекет жұмысын бастайды.

Сондай-ақ, осы бекеттер арқылы жүріп-тұруға рұқсат беру үшін propusk.kz порталын іске қосу жоспарланып отыр.

Елде аурудың өсуіне байланысты алдын алу шарасы ретінде келесі бағыттар бойынша санитарлық бекеттер орнату туралы шешім қабылданды:

1. Қызылорда - Павлодар а/ж (Молодежный к. маңында).

2. Павлодар - Баянауыл - Бұқар жырау-Қарағанды а/ж (Үміткер кенті маңында);

3. Қарағанды - Аягөз - Бұғаз автожолының 271-шақырымы Семей қаласы бағытында (Кентөбе кенті маңында).

"Осы санитарлық бекеттерді арқылы өтуді қарастыратын сапарларды жоспарлағандар propusk.kz сайтында өз деректерін көрсетуі керек.

Осы бағыттар бойынша құқық қорғау органдарына, медицина қызметкерлері мен арнайы қызметтерге; халықтың тіршілігін қамтамасыз ету ұйымдарының қызметкерлеріне; жүк машиналарына; транзиттік көлікке; Қарағанды облысына жергілікті тіркеумен келетін адамдарға; емделуге келетін адамдарға рұқсатнамасыз жүріп-тұруға рұқсат етіледі. Вахталық жұмыскерлер мен тұрғылықты жерінен жұмыс орнына дейін және кері қарай жүретіндер өз деректерін propusk.kz сайтта қалдыруы қажет", - деді ведомстводағылар.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 9

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети