25 мамыр 2022 09:48

Қарағанды облысында сотталған ер адам Наоми Кэмпбеллдің портретін айнытпай салды

Камила Долаева Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қарағанды облысының түзеу мекемесінде жазасын өтеп жатқан ер адам өзінің кумирі - модель Наоми Кэмпбеллдің портретін салды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.


Қарағанды облысының түзеу мекемесінде жазасын өтеп жатқан ер адам өзінің кумирі - модель Наоми Кэмпбеллдің портретін салды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Ер адам ауыр дене жарақатын салғаны үшін алты жылға бас бостандығынан айырылған, ол жазасын АК-159/11 мекемесінде өтеп жатыр. Бала кезінен шығармашылықпен айналысқан ол сурет салғанды жақсы көреді. Түрмеге түскен соң бірінші күннен бастап көңілін аулау үшін ойына не келсе, соны салады екен. 

"Бала кезімнен кино жұлдызы Наоми Кэмпбелл ұнайды, ол менің кумирім. Мектепте оқып жүргенде портретін салғым келген. Ал міне, 22 мамырда оның туған күні суретін салу бұйырды. Портретті жасауға екі күн қажет болды", - деді сотталушы.

Мекеме психологы Нина Петренко сурет салу - сотталғандардың жеке басы мен шығармашылық әлеуетін дамытудың тиімді әдістерінің бірі екенін айтты.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети