28 ақпан 2021 14:24

Қарағанды облысында туысын қызметке тағайындаған шенеунік жазаланды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Tengrinews.kz Фото: Tengrinews.kz

Қарағанды облысы Ұлытау ауданы әкімінің орынбасары толық емес қызметтік сәйкестік түрінде жауапқа тартылды. Ол әкім міндетін атқара отырып, туған ағасын жер қатынастары бөлімінің басшысы қызметіне тағайындаған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Мақсұт Оспановқа қатысты тәртіптік іс Әдеп жөніндегі кеңесте қаралды. Тәртіптік кеңес мәліметіне сүйенсек, Мақсұт Оспанов қаңтарда Ұлытау ауданы әкімі міндетін атқарушы болған кезде ағасы Мұхтар Оспановты жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы етіп тағайындаған. Бұл туралы Жезқазған өңіріндегі қоғам белсендісі Ринат Биқаев Желіде жазба жариялады.

Әдеп жөніндегі кеңес шенеунікке толық емес қызметтік сәйкестік жариялауға шешім шығарды. Сонымен қатар, кеңес мүшелері шешімімен Ұлытау ауданы әкімі аппаратының басшысы және қызметкерлерді басқару бөлімінің басшысы жазаланды. Олар қатаң сөгіс алды және қызметіне толық сәйкес еместігі жарияланды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети