20 наурыз 2020 16:46

Қарағанды облысының әкімі коронавирусқа байланысты тұрғындарға үндеу жасады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек коронавирусқа байланысты тұрғындарға үндеу жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек коронавирусқа байланысты тұрғындарға үндеу жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Құрметті Қарағанды қаласының және Қарағанды облысының тұрғындары!

"Қазіргі уақытта біздің өңірде 2 короновирусты жұқтыру жағдайы тіркелді. Ол бұған дейін Минск - Нұр-Сұлтан рейсімен ұшып келіп, медициналық мекемеде оқшауландырылған жолаушылардан расталды. Біздің қызметтер оларды толық оқшаулау бойынша шараларды қабылдап, қалған жолаушыларды карантинге орналастырды. Қазіргі уақытта жағдай тұрақты бақылауда", - деп жазды әкім Facebook желісіндегі парақшасында.

Сондай-ақ, осы күндері үлкен жүктемеге тап болған біздің медицина қызметкерлеріне алғыс айтқым келеді. Сіздерге қажырлы еңбектеріңіз үшін алғыс білдіреміз дейді әкім.

"Біздің денсаулығымыз біздің жауапкершілігімізге тікелей байланысты екенін еске салғым келеді. Қолдарыңызды жиі жуып, қажеттілік жоқ болса далаға және халықтың көп жиналатын орындарына бармаңыздар. Осы қарапайым ережелерді сақтау біздің дәрігерлеріміздің вируспен күресудегі жұмысын едәуір жеңілдетуге көмектеседі.

Сондай-ақ, облыс тұрғындарына ұйымшылдық танытып, қолдау білдіріп отырғандарыңыз үшін алғыс айтқым келеді. Мен егде адамдарға азық-түлік пен дәрі-дәрмектермен көмектесіп жатқан еріктілер туралы хабарларды оқи отырып, өзара көмек пен қолдаудың артқанын атап өткім келеді", - деді Жеңіс Қасымбек.

Жағдайды жете түсініп, қызметкерлерін қашықтықтан жұмыс жасауға жіберіп жатқан облысымыздың кәсіпкерлеріне де ерекше алғыс білдіреміз дейді.

"Осы күндері барлықтарыңызды мессенджерлер мен әлеуметтік желілерде таратылатын қауесеттер мен фейктерге сенбеуге шақырамын. Барлық ресми ақпаратты сіздер мемлекеттік органдардың, Денсаулық сақтау министрлігінің және Қарағанды облысы әкімдігінің ресми сайттарынан таба аласыздар. Сіздерді тек тексерілген ақпаратқа сенуге шақырамын. Біз барлық күш-жігерімізді біріктіріп, орын алған қиындықтарды жеңуге толық мүмкіндігіміз бар!", - деді облыс әкімі.

Еске салайық, мұның алдында Қарағандыда екі адамнан коронавирус анықталғаны хабарланған болатын. 

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети