03 сәуір 2022 11:24

Қарағанды шахтасындағы жұмысшы өлімі: тергеу басталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Иллюстрациялық сурет ©Тұрар Қазанғапов Иллюстрациялық сурет ©Тұрар Қазанғапов

Костенко атындағы "АрселорМиттал Теміртау" шахтасында тау-кен жұмысшысы қаза болды. Полицейлер оқиғаның мән-жайын анықтау үшін тергеу бастады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Костенко атындағы "АрселорМиттал Теміртау" шахтасында тау-кен жұмысшысы қаза болды. Полицейлер оқиғаның мән-жайын анықтау үшін тергеу бастады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Полицейлер ҚР ҚК-нің 277-бабы 2-бөлігі "Абайсызда адам өліміне әкеп соққан тау-кен немесе құрылыс жұмыстарын жүргізу қауіпсіздігі ережелерін бұзу" бойынша тергеу жүргізіп жатыр. 

"Соталды тергеу басталды, мән-жайлар анықталып жатыр", - деп толықтырды Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметіндегілер.

Қайғылы оқиға туралы жаңа деректер де белгілі болды. Марқұмның әріптестері ол жер асты тау-кен монтаждаушы болғанын айтты. Глинник механикаландырылған бекітпесін бөлшектеу жұмыстары кезінде ер адамның үстіне шатыр құлап, ауыр жарақат алғаны анықталды. Ер адам шахтаға дәрігерлер бригадасы келгенше қайтыс болды. 

"Басы мен мойын омыртқасы қатты жараланған, медициналық көмек келгенге дейін ер адам қайтыс болды", - деді марқұмның әріптестері.

Еске салайық, бұған дейін Костенко атындағы "АрселорМиттал Теміртау" шахтасында тау-кен жұмысшысы қаза тапқаны белгілі болды. Мердігер ұйым қызметкерінің қаза болу дерегін компания баспасөз қызметі растады. Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін мемлекеттік комиссия құрылды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети