29 шілде 2017 11:38

Қарағандыда емшіні тірідей жерге көмген

ПОДЕЛИТЬСЯ

Дауір Шәкіржан. Видердан алынған кадр Дауір Шәкіржан. Видердан алынған кадр

Қарағандыда белгілі емші, тарихшы әрі жазушы Дәуір Шәкіржан өз саяжайында қазылған көрге көмілді, - деп хабарлайды еКaraganda.kz.


Қарағандыда белгілі емші, тарихшы әрі жазушы Дәуір Шәкіржан өз саяжайында қазылған көрге көмілді, - деп хабарлайды еКaraganda.kz.

Басылымның жазуынша, емші өзін жерлеуге рұқсат берген. Бірнеше жыл бұрын ол өзін крестке байлап, елді біраз шулатқан көрінеді. Сонымен бірге, оның өзіне жасаған тәжірибелерінің ішінде 40 күн аш жүру оқиғасы да бар. 

Енді міне жаңа тәжірибе. Бірден айта кету керек, қазылған шұңқырға ауа барып тұру үшін арнайы бос орын қалдырылды. 

Ер адамның сөзінше, бұл алғаш рет жасалып тұрған жоқ. Ол 2013 жылы да осындай тәжірибе жасаған. 

 "Мені дер кезінде қазып алып шықпағандықтан, талықсып кеттім. Мені қазып ал дем тапсырған досым ұйықтап қалған.  Ол кезде шұңқыр да тар еді қозғала да алмайсың. Бұл жолы ондай кем-кетіктердің алдын алдым. Жылырақ киіндім. Шынын айтқанда бұл экзотерикалық тәжірибе. Сондықтан оған жауап деңгейлері көп. Неге мұндайға бардың деген сұраққа айтарым - адамдар өлмейтіндей өмір сүреді, мәңгілік жасайтын сияқты. Біз уақыттың зулап өтетінін ұмытып кетеміз. Қабірде жатсаң топырақ көзіңе, құлағыңа кіреді... Негізі бұл өмірге құлшынысыңды күшейтеді. Ажал көзіне тік қарған сәтте бұрын елемеген дүнелерді бағлай бастайсың, өмір сүргің келеді. Жер астында өне-бойың тыныштық тауып, ағзаңның сезінуі артады. Көрде жатып бұл әлеммен энергетикалық байланысты үздім. адам ұйықтаған кезде де мұндай болмайды. Ол туралы біреулер ойлайды, оны біреулер сүйеді немесе жек көреді. Ал жер астында бұл энергетикалық ағым үзіледі", - дейді емші. 

Оның айтуынша, сырттан ауаның келмеуі өте маңызды. Бөлек орта қалыптасады да, адам сыртқы әлеммен байланысын үзеді. Мұндайды ол ешкімнің қайталамауын сұрайды, қанша ойластырылғанымен, күтпеген жағдайлар болуы мүмкін. 

"Маған шұңқырдағы ауа жету керек болатын. Алғашқы тәжірибе кезінде мен тұншығып, өліп кетуім мүмкін еді. Егер достарым 20 минутқа кешіксе, ауа жетіспеушілігінен көз жұмар едім. Досым мені қазып жатқанда атымды айтып айқайлапты, алайда, мен ес-түссіз жатқанмын. Осы жолы мен жер астында сегіз сағат болдым. Ауа жеткілікті болды", - дейді ол. 

2010 жылы ер адам өзін жота үстіне орнатылған крестке байлап, басына тікенді шеңбер киіп, осылай бірнеше тәулік тұрмақ болған. Алайда ол кезде оны полицелер алып кеткен болатын. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети