09 желтоқсан 2021 16:05

Қарағандыда ірі аудандардың бірінің атауы өзгертілді

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қарағандыда Октябрь ауданы атауы өзгертілді. Енді ауданға Алаш партиясының жетекшісі Әлихан Бөкейханның есімі берілмек, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қарағандыда Октябрь ауданы атауы өзгертілді. Енді ауданға Алаш партиясының жетекшісі Әлихан Бөкейханның есімі берілмек, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бүгін Қарағандыда облыстық мәслихаттың кезекті IX сессиясы өтіп, оның барысында Октябрь ауданының атауын өзгерту мәселесі қаралды. Сессия жұмысына аймақ басшысы Жеңіс Қасымбек қатысты. Депутаттар мен әкімдік бірлесіп шығарған шешім бойынша, Октябрь ауданы атауы өзгертілді.

"Сессияда Октябрь ауданына Әлихан Бөкейхан есімін беру туралы бұрын дайындалған әкімдік пен мәслихат қаулысы қаралды. Енді аудан Әлихан Бөкейхан ауданы болып аталмақ. Тиісті құжаттар Әділет министрлігіне тіркеуге жіберілді", - деді Қарағанды ​​облысының Тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы өкілі.

Айта кетейік, биыл наурызда Қарағандыда Октябрь ауданының атауын өзгерту бойынша қоғамдық тыңдаулар өткен болатын. Тыңдаулар қаланың әртүрлі бөлігінде 15 жерде өтті. Атын өзгерту туралы шешім көпшілік дауыспен бекітілді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.77   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети