14 қыркүйек 2021 16:01

Қарағандыдағы зообақ қызметкерлері қалай жазаланғаны белгілі болды

Қарағандыда зообақта мүйізі кесілген бұғылардың суреті мен видеосының тарап кетуіне жол берген қызметкерлер жазаланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қарағандыда зообақта мүйізі кесілген бұғылардың суреті мен видеосының тарап кетуіне жол берген қызметкерлер жазаланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Қарағанды қаласының Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бұйрығымен зообақ директорына сөгіс жарияланды. Өзінің лауазымдық міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін ветеринарлық дәрігер де жұмыстан босатылды", - деді Қарағанды әкімдігінің баспасөз қызметінің өкілдері.

Еске салайық, 10 қыркүйекте Қарағандыдағы зообаққа мүйізі кесіліп, қансыраған бұғылардың суреті мен видеосы жариялаған болатын. Ол әлеуметтік желілерде таралып, резонанс тудырды.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Темиртау сегодня | Казахстан (@temirtau.today)

Қарағандыдағы ​​хайуанаттар бағы мән-жайды түсіндіріп, пікір білдірді. Саябақтың зоотехнигі бұғының мүйізін кесу процедурасы жыл сайын күзде жануарлардың қауіпсіздігі үшін жасалатынын айтқан болатын. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети