1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Ел жаңалықтары

Карантиннен қашып кеткен астаналықтардың коронавирусқа тапсырған тест нәтижесі шықты26 қазан 2020, 12:30

Фото:elements.envato.com Фото:elements.envato.com

Нұр-Сұлтан әуежайынан қашып кеткен отбасылық жұптың коронавирусқа тапсырған сараптамасының нәтижесі шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Екеуінің де нәтижесі (ПТР-тест) теріс", - деді көліктегі бас мемлекеттік санитар дәрігер Сәдуақас Байғабылов.

Санитар дәрігер астаналықтардың үйде медициналық бақылауда екенін және олардың жағдайы қанағаттанарлық екенін айтты.

Еске салайық, бұған дейін Шарм-әл-Шейхтен оралған елордалықтар әуежайда арнайы автобусқа отырғызатын кезде ПТР-тест тапсырмай қашып кеткені хабарланған болатын.

Көліктегі бас мемлекеттік санитар дәрігер Сәдуақас Байғабылов Нұр-Сұлтандағы ПТР-тест тапсыру пунктінен қашқандардың бірі Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің қызметкері болып шыққанын айтты.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!